❗️Барлықтарыңызды шақырамыз❗️ “Көктем нұры – ғашықтар жыры” атты мерекелік шара!

Д.М. Тусупова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасы барлық қызығушылық танытқан жандарды көктемнің көркем мерекесін тамашалауға шақырады. Өтетін орны: Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және реабилитациялау орталығы Мекен-жайы: Қарағайлы 109 Өтетін күні: 16.04.2025 Басталу уақыты: 11:00 Форматы: офлайн Көктемгі көңіл күй мен махаббаттың әуені тоғысатын бұл шарада сіздерді әсем әндер, ұлттық би, қызықты ойындар…

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Батыр Бауыржан» тақырыбында жалпы ұлттық диктант. Нәтижесі

10.04.2025 жылы ЖББП кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Батыр Бауыржан» тақырыбында Жалпыұлттық диктант өткізілді. Диктантқа 100 шақты орыс тобында оқитын студенттер қатысты. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Батыр Бауыржан» тақырыбында Жалпыұлттық диктантты жазу маңызды әрі тарихи мәні бар іс-шара. Жалпыұлттық диктантты жазудың мақсаты – еліміздің тарихындағы елеулі оқиғаларды еске түсіріп, батыр…

«Жалпы тәжірибелік дәрігерлер қызметіндегі мәселелі сұрақтар» тақырыбына «Жазғы мектеп»

КЕАҚ «СМУ» Семей қ. ЖТД кафедрасы интернатурада білім алушылардың даярлықтарын жетілдіру, сондай-ақ «Интерннан-интернға» әдісі бойынша «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы бойынша оқитын 7 курс (714,715,716,717,718,719,720,721,723 топтар) интерндары үшін білім алмасу және тәжірибені дамыту мақсатында 21.04.2025 ж. офлайн-форматында «Жалпы тәжірибелік дәрігерлер қызметіндегі мәселелі сұрақтар» тақырыбында Семей қ. ЖТД кафедрасыда «Жазғы мектеп» өткізеді.

Республикалық «Тілдарын» пәндік Олимпиадасы

2025 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған қазақ, ағылшын, орыс тілдерін меңгерген студенттер арасында Республикалық «Тілдарын» пәндік Олимпиадасы өтеді. https://docs.google.com/document/d/1q4m6L1X1lN90YBWMxGF5Kaxy2fgvt77ndwD0b7xlgCo/edit?usp=sharing