Халықаралық медбикелер күніне арналған Олимпиада

Құрметті  «Педиатрия» мамандығының  2 курс студенттері. Сіздерді мейіргер ісі негіздері білімі бойынша халықаралық мейіргерлер күнін мерекелеуге арналған олимпиадаға белсенді қатысуға шақырамыз. Ұйымдастырушылар: мейіргер ісі кафедрасы Өткізу күні: 12 мамыр 2023 жыл оқу-клиникалық орталық «СМУ» КеАҚ Уақыты: 10:00

“Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар” цикл бойынша біліктілікті арттыру курстары

Жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларын ақылы негізде «Медициналық білім берудегі инновациялық технологиялар» циклі бойынша біліктілігін арттыру курсына шақырамыз. Курсты Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент, Кожанова Сауле Кенесхановна жүргізеді. 15.05 – 26.05.2023ж. Курс бағдарламасында: Топтық оқыту (TBL) Базалық пәндер мысалында біріктірілген оқыту бағдарламасы – көлденең интеграциямен дәріс оқу…

«Ұмытылмас Ұлы Жеңіс» атты салтанатты жиынға шақырамыз

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР ЖӘНЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАР!!! Сіздерді 2023 жылдың 4 мамыр күні Ұлы Жеңіс және Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз Қарулы Күштерінің құрылуына орай өткізілетін «Ұмытылмас Ұлы Жеңіс» атты салтанатты жиынға шақырамыз. Өту орны: «Семей медицина университеті» КеАҚ акт залы. Басталу уақыты: сағат 15.00.   Әскери кафедра

ҰБТ-ге өтініштерді қабылдау басталады

Құрметті 2023 жыл талапкерлері! 28.04.2023 ж. ҰБТ-ге өтініштерді қабылдау басталады. Тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. ҰБТ өткізу мерзімі: 2023 жылдың 16 мамыры – 5 шілдесі.

2023-2024 оқу жылындағы ORHUN алмасу бағдарламасының күзгі және көктемгі семестрлеріне қатысуға өтінімдер қабылдау

Түркі ЖОО одағына мүше университеттердің тиісті кафедраларында семестр бойы білім алғысы келетін студенттерге, интерндерге және докторанттарға, сондай-ақ оқытушыларға арналған ORHUN алмасу бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Өтінім беру үшін қажетті құжаттар (20.04.2023 ж. кешіктірмей стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөліміне, 127 кабинет, толтырылған түрде ұсынылуы қажет): Студенттерге: Студенттерге арналған ақпараттық форма. Транскрипт. Оқытушылар үшін: Оқытушыларға…