Психология пәнінен пәндік олимпиада
«Семей Медицина университеті» КеАҚ Медициналық білім беру кафедрасы психология пәнінен пәндік олимпиада ұйымдастырып, «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация» факультеттерінің 2 курс студенттерін қатысуға шақырады. Олимпиада өткізу уақыты: 13 мамыр – 1 тур (іріктеу сынағы) 16 мамыр – 2 тур (теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау) Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі Қатысуға өтінімдер medical.education@smu.edu.kz поштасы арқылы…