Семей медицина университетінде Республика күніне орай диктант жазу сайысы өтуде

2022 жылдың 14 қазанында Республика күніне орай «СМУ» КеАҚ студенттері арасында «Атамекен» тақырыбында диктант жазу сайысы өтуде. Өткізілетін орны: орыс тілінде оқытатын студенттерге, №1 дәрісхана, қазақ тілінде оқытатын студенттерге, №2 дәрісхана. Диктант байқауының жеңімпаздары мақтау қағаздарымен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«СМУ» КеАҚ студенттері Республика күніне орай эссе байқауына қатысуда

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Республика күніне орай «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауын жариялайды. Байқау 15 қазанға дейін жалғасады және 2 кезеңде өтеді. Ол жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, ел тағдырына деген адалдық пен оның болашағына жауапкершілік сезімін оятуға бағытталған. Университеттің барлық студенттері мен магистранттары қатысуға шақырылады. Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағына деген…

Семей медицина университетінде республика күніне орай «Атамекен» тақырыбында диктант конкурсы өтеді

2022 жылғы 14 қазанда Республика күніне орай Семей медицина университетінде студенттер арасында «Атамекен» тақырыбында диктант конкурсы өтеді. Өтетін орны: орыс тілінде оқытатын студенттер үшін №1 дәріс залы, қазақ тілінде оқытатын студенттер үшін №2 дәріс залы.

«Адам және денсаулық. Медицинадағы мультидисциплинарлық тәсіл» атты I Халықаралық MED-Конгрес

Ұйымдастыру комитеті сіздерді 2022 жылдың 18-19 қазанында өтетін «Адам және денсаулық. Медицинадағы мультидисциплинарлық тәсіл» атты I Халықаралық MED-Конгреске қатысуға шақырады. Конгресстің мақсаты – заманауи медицина мен денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе және ғылыми танымдармен алмасу. Конгресс бағдарламасына дөңгелек үстелдер, семинарлар/вебинарлар, лекциялар мен мастер-класстар, басқа да іс-шаралар кіреді. Конгреске қатысу үшін университет сайтында тіркелу қажет: https://smu.edu.kz/ru/nauka/nauchnye-konferencii-i-meropriyatiya/registraciya-na-konferenciyu/ Толық…