“Кәсіподақ іс-әрекетте: сіздердің қажеттіліктеріңізді ескереміз!”

2024 жылы 21 қазан күні КеАҚ «Семей медицина университетінің» кәсіподақ комитеті  қауіпсіздік қызметі мен техникалық персоналға арналған басты, морфологиялық және химиялық корпус үшін 3 микроволновая пешті табыс етті. Бұл сыйлық қызметкерлер үшін жұмыс жағдайларын жақсарту мен жайлы атмосфераны құруға бағытталған тағы бір қадам болды. Кәсіподақ комитеті университет қызметкерлерінің әрқайсысын қолдап, олардың өмірі мен жұмыс сапасын…

“СМУ” КеАҚ “Мектепке жол” акциясына қатысты

Университетте «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында бірінші сыныпқа баратын балаларға Басқарма Төрағасы-Ректор, Абай облыстық мәслихатының депутаты Алтай Дюсуповтың ұйымдастыруымен, кәсіподақ ұйымымен бірлесе оқу жабдықтары табысталды. Олардың арасында қызметкерлердің балалары, көпбалалы отбасылардан шыққан бөбектер бар. Жас ұрпақ – ел болашағы дегендей балаларға қамқорлық танытып көңіл бөлу әрқайсымыздың парызымыз. Аға буыннан осындай игі өнеге көрген бөбектер білімді…

АРДАГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ

«СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Дюсуповтың бастамасымен университетіміздің ардагерлерімен және «Күміс университет» жобасының ардагерлерімен мерйтойлық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара университеттің спорттық лагерінде табиғат аясында саяхат түрінде өткізілді. Ардагерлеріміз Ертіс жағасында жаяу серуендеп, сүйікті әуендеріне би билеп өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Ардагерлер клубының төрайымы Сандуғаш Төлеуғалиқызына қажырлы еңбегі үшін университет атынан алғыс жарияланды. Мұнымен қатар, ардагерлер арасында…

Дәрігерлер күні

Маусымның 15-і күні университетіміздің кәсіподағының ұйымдастыруымен дәрігерлер күніне арналған ұжымдық ойын-сауық (тимбилдинг) шарасы өткізілді. Бұл іс-шара университетіміздің спорттық лагерінде өтті. Ашылу салтанатында оқу орнымыздың ректоры мен проректорлары қызметкерлерді құттықтап лебіздерін білдірді. Мерекелік күн командалық ойындардан басталып, спорттық сайыстарға ұласты. Биылғы шараның ерекшелігі – лагерь ішінде бірнеше алаңдар ұйымдастырылды: ойын аймағы, караоке аймағы, балалар аймағы, үстелдік…

Денсаулық қадамы

Сегізініші маусым күні Семей медициналық университетінің кәсіподақ ұймының атқарушы комитетінің ұйымдастыруымен қызметкерлер арасында «Денсаулық қадамы атты» жаздық спорт маусымының ашылу салтанаты өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты қызметкерлер мен оқытушылар арасында салауатты өмір салтын дәріптеумен қаттар ұжымдық рухты нығайту. Бағдарламаға сәйкес спорттық бастама алдымен жалпы ұзындығы 6 шақырым қашықтықта Ертіс жағасымен жаяу серуендеу (трекинг) қадамымен, содан…