Абай облысында TOEFL iBT емтиханын тапсыратын алғашқы сертификатталған орталықтың ашылуы

Шетелде білім алуды немесе кәсіби дамуды жоспарлап жүрген білім алушылар, оқытушылар және барша тұрғындар үшін жақсы жаңалық! Семей медицина университетінде TOEFL iBT халықаралық емтиханын тапсыратын ресми авторизацияланған орталық ашылды. Енді ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалайтын әлемдегі сұранысқа ие емтихандардың бірін тапсыру үшін басқа қалаға барудың қажеті жоқ. Емтиханды университетіміздің жайлы жағдай жасалған, ресми сертификатталған орталығында…

Г.М. Шалгумбаеваға профессор ғылыми атақ беру үшін құжаттарды тапсыру туралы хабарландыру

«Ғылыми атақтарды (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №128 бұйрығына сәйкес толықтырулар мен өзгертулермен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрінің 05.09.2024 жылғы №435 бұйрығына сай «Семей медицина университеті» КеАҚ өтініш беруші туралы ақпаратты жариялайды: «Семей медицина университеті» КеАҚ Семей қ. жалпы дәрігерлік…

Назар аударыңыз, конкурс!

Erasmus+ бағдарламасы аясында Rzeszów университетіне профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығы Erasmus+ бағдарламасы аясында Rzeszów университетінде (Польша) академиялық ұтқырлық бойынша тағылымдамадан өту үшін профессорлық-оқытушылық құрамның арасында конкурсқа өтінімдер қабылдау жарияланады. Өтінім беру үшін ағылшын тіліндегі CV-ді smu.partnership@smu.edu.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Тағылымдама ұзақтығы: 5 күн Тағылымдаманың басталу мерзімі: 01.10.2026 жылдан ерте емес Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсырудың…

Балалар мен ата-аналарға арналған қант диабетінің алдын алу мектебі

«Балалардағы қант диабетінің ерте белгілері. Дәрігерге қашан қаралу қажет?» Балалар мен ата-аналарға арналған қант диабетінің алдын алу мектебі аясында Д.М. Тусупова атындағы педиатрия кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Ахметжанова Д.О., сондай-ақ кафедра қызметкерлері Түгелбаева А.М. және Қойшыбаева К.Ж. «Балалардағы қант диабетінің ерте белгілері. Дәрігерге қашан қаралу қажет?» тақырыбында семинар-дәріс өткізді. Кездесу барысында балалардағы қант диабетінің алғашқы…

Ізгі сый – рухани қазына!

Семей медицина университеті КеАҚ кітапханасының қоры Қазақстанның көрнекті жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының 70 данасымен толықты. Кітаптарды университет кітапханасына Банк ЦентрКредит тарту етті. Бұл бастама студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның ұлттық әдеби мұраға қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын қолдауға бағытталған. Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романы – қазақ әдебиетінің көрнекті тарихи…