Республика күні құтты болсын!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР ЖӘНЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАР! Республика күні құтты болсын! Бұл күн біздің ата-бабаларымыздың еркіндікке қол жеткізу үшін жүріп өткен күреске толы жолын еске алатын күн. Еліміз өзінің тарихында көптеген қиындықтарды жеңіп биік белестерді бағындырды. Ынтымақ пен бірліктің арқасында ауыртпашылықты еңсердік. Азаттық алғаннан бері жеткен жетістіктеріміз кеуде керіп мақтан етуге лайық! Баршаларыңызды шын жүректен Республика күнімен…

«МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН …» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ

23 қазан күні «Семей медицина университеті» КеАҚ Жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне орай «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН…» атты қаламыздың медициналық оқу орындары арасындағықалалықф жас ақындармүшайрасы өтті. Атаулы шараны ұйымдастырудағы басты мақсат өскелең ұрпақты ұлттық және отансүйгіштік рухқа баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау. Рухани, мәдени құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру,…

Республика күні

2024 жылдың 21 қазанында «Урология» пәнінің ассистенттері төртінші курс медицина факультетінің студенттерімен бірге «Республика күні» мерекесіне арналған ақпараттық сағат өткізді. Бұл мерекенің тарихы 1990 жылдың 25 қазанында Кеңес Одағында Қазақстан SSR-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдануымен байланысты. Қазақстан SSR Жоғарғы Кеңесі қабылдаған құжат халықтың еркін білдіруімен қатар, республика автономиясының заңды растамасы болды, тек Кеңес Одағы…

Патриотизм сезімін тәрбиелеу

2024 жылғы 15 қазанда ” Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру ” жобасы шеңберінде “Антарес А” Қоғамдық Қоры, “Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ тапсырысы бойынша әскери қызметті дәріптеу мақсатында барлық білім беру бағдарламаларының 2 курс білім алушылары арасында іс-шара өткізді. Мотивациялық сөзді Alikhan Bokeikhan University әскери кафедра басшысының орынбасары, запастағы майор, Ауған соғысының…

“Жүйке жүйесінің функционалды анатомиясы” шеберлік сыныбы

Ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай – ақ тәжірибелік сабақтар мен дәріс оқу сапасын арттыру мақсатында, 14-ші қазан күні профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында “Жүйке жүйесінің функционалдық анатомиясы” шеберлік сыныбы өткізілді. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу Мемлекеттік медицина университетінің А.П. Нелюбин атындағы Фармация институтының профессоры Керім Мутиг шеберлік сыныбының спикері.