1301 топ студенттері гистология пәні бойынша олимпиадаға қатысты

2025 жылғы 9 сәуірде 1301 топ студенттері гистология пәні бойынша олимпиадаға қатысты. Біздің студентіміз Бағданов Арман өз білімін жоғары деңгейде көрсетіп, құрметті 3-орынға ие болды! Бәсеке жоғары болғанына қарамастан, ол мұқият дайындық пен ұқыптылығының арқасында керемет нәтижеге қол жеткізді. Бұл жетістікпен мақтанамыз және оған болашақта да жаңа ғылыми жеңістер мен кәсіби дамуға деген сенімділік тілейміз! Баратова Карина, 1301 топ

Ең мейірімді және шуақты мерекелердің бірі — Аналар күніне арналған кураторлық сағат өтті

2025 жылғы 6 мамырда 1301 топта ең мейірімді және шуақты мерекелердің бірі — Аналар күніне арналған кураторлық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – әр адамның өміріндегі ең қымбат жан – анасына деген құрмет пен қамқорлық сезімін тәрбиелеу. Кездесудің басында куратор студенттерге мерекенің тарихы мен оның мәдениетіміздегі маңызын еске салды. Студенттер дайындаған жүрекжарды сөздер мен өлеңдер оқылды. Іс-шара шынайы әрі жылы…

Генетика және молекулалық биология пәні бойынша олимпиаданың екінші кезеңі өтті

2025 жылғы 28 сәуірде генетика және молекулалық биология пәні бойынша олимпиаданың екінші кезеңі өтті. Бұл кезеңге 1301 топ студенті Берікбол Әмина қатысты. Ол басқа мамандықтардың өкілдерімен бірге команда құрамында жоғары білім деңгейін және үйлесімді жұмысты көрсетті. Олимпиада нәтижесі бойынша команда құрметті 1-орынға ие болды! Бұл жетістік – табандылықтың, командадағы ауызбіршіліктің және ғылымға деген қызығушылықтың нәтижесі.…

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған жоғары оқу орныішілік орыс тілі олимпиадасы

2025 жылғы 22 мамырда «МУС» ҰАО жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары 1 курс шетелдік студенттері арасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған орыс тілі олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: Орыс тілін шет тілі ретінде оқып жүрген студенттердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру; Шетелдік жастардың орыс тіліне деген қызығушылығын арттыру; Шетелдік студенттердің тілдік дайындық деңгейін талдау.…

«Білім алушыдан- білім алушыга»

20 мамыр 2025 ж. симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасында Смагулова Ж.И., Мұсабекова Н.Е., Какимжанова М.К., Мамырханова  Г.М.  оқытушылардың бақылауымен  607 стоматология тобының интерні Бекболатов Аслан – 2226 ЖМ, 605 стоматология тобының интерні Калджанова Аяулым – 2108 ЖМ, 602 стоматология тобының интерн Ғазезов Нұрлан – 2107 ЖМ, 607 стоматология тобының интерні Демеухан Даяна 2109 ЖМ…