Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен!

Құрметті әріптестер және білім алушылар! Сіздерді еліміздің егемендігінің айқын белгісі, ұлттық рухымыздың, тарихымыздың, тіліміз бен мәдениетіміздің айшықты нышандары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрамның мәртебесі биік, мән-маңызы ерекше! Көк байрағымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз әрбір азаматтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатып, жарқын болашаққа деген сенімін нығайтатын қасиетті құндылықтар! Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!…

Менингококк инфекциясы бойынша профилактикалық медицина мектебін өткізді

2025 жылғы 30 мамырда “Дерматовенерология ересектер, оның ішінде балалар” мамандығының 210 тобының резиденттері амбулаториялық практика жағдайында пациенттерді оқыту бойынша профилактикалық медицина мектебін өткізді. Мектеп Семей қаласының N3 консультативтік-диагностикалық емханасында өтті. Мектептің тақырыбы менингококк инфекциясы болды, мектеп ұйымдастырушылары халыққа осы инфекцияны жұқтыру жолдары мен қауіп факторларын айтып берді. Резиденттер аурудын алғашқы көріністерін және менингококк инфекциясына күдік…

Студенттермен танысу

2025 жылғы 27 қаңтарда Семей медицина университетінде студенттермен танысуға арналған кураторлық сағат өтті. Кураторлар университет құрылымы мен мүмкіндіктері туралы айтып берді. Жылы атмосферада студенттер танысып, сұрақтарын қойды. Кездесу сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етті.

«Құмар ойынға тәуелділік пен апиынға тәуелділік»

Бүгін университетте құмар ойындарға тәуелділікке арналған сабақ өтті. Студенттерге тәуелділіктің белгілері мен ерте көмек сұраудың маңызы түсіндірілді. Профилактика тәсілдері – пайдалы хобби мен жақындармен байланысқа баса назар аударылды. Сабақ студенттерге психикалық денсаулықты сақтау жолдарын үйретті.

Абай Құнанбайұлы мешітіндегі қайырымдылық шарасы

2025 жылдың 5 сәуірінде стоматология факультетінің 1309 тобы куратор Жайырбаева Жананұр Камбаровнаның жетекшілігімен Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлы мешітінде өткен Ораза айт мерекесіне арналған қайырымдылық шарасына қатысты. Волонтерлер 100 көпбалалы және аз қамтылған отбасына азық-түлік пакеттерін таратуға көмектесті. Бұл күн мейірімділік пен бірліктің үлгісі болды.