Кураторлық сағат тақырыбы: «Суицидтік мінез-құлық: диагностика»

А.А. Қозбағаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасында кафедра ассистенті С.Д. Советованың жетекшілігімен 12.12.2025ж. 4424 кураторлық тобымен «Суицидтік мінез-құлық: диагностика» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты студенттердің психикалық денсаулық мәселелері туралы хабардарлығын арттыру, өздерінің эмоционалдық жағдайына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және психологиялық қолайсыздық белгілерін дер кезінде тану дағдыларын дамыту болды. Кураторлық сағат барысында суицидтік мінез-құлықтың негізгі қауіп…

Абай облысы Үржар ауданына мобильді мультидисциплинарлық топтың шығуы

Халыққа мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және өңірдегі медициналық ұйымдарға консультативтік-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Семей медицина университеті» КеАҚ профессорлық-оқытушылық құрамынан жасақталған мобильді мультидисциплинарлық топ 02.06.2026 жылы Абай облысының Үржар ауданына жұмыс сапарымен барды. Топ құрамында жетекші мамандар болды: 1) Жанаспаев Марат Амангазиевич – дәрігер травматолог, «Семей медицина университеті» КеАҚ, травматология және балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі;…

“Симуляциялық практикум” жазғы мектебі

Құрметті “Медицина” және “Педиатрия” мамандықтары бойынша оқитын 3 курс студенттері! Сіздерді симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының базасында өткізілетін “Симуляциялық практикум” қысқы мектебіне қатысуға шақырамыз. Оқытушылар: Муқанова Д. А., Смагулова Ж. И., Мамырханова Г.М. Оқу ұзақтығы: 08.06.2026 – 12.06.2026 Сабақ уақыты: 10:00 – 13:00 Бағдарламаның еңбек сыйымдылығы: 3 кредит Оқыту формасы: күндізгі / онлайн Күндізгі сабақтарды өткізу орны: морфологиялық корпус, оқу-клиникалық…

Үздік медициналық білім беру ұйымы

2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік тіл саясатын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің денсаулық сақтау ұйымдары арасында ұйымдастырылған «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» республикалық конкурсында «Семей медицина университеті» КеАҚ жоғары жетістікке қол жеткізді. Университетіміз «Үздік медициналық білім беру ұйымы» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломды иеленіп, бұл мәртебелі жеңісті екінші жыл қатарынан…

Студенттерге арналған Speaking Club сабағы

2026 жылғы 19 мамырда эпидемиология және биостатистика кафедрасының аға оқытушысы Тукинова А.Р. шетелдік студенттерге арналған Speaking Club сабағын өткізді. Кездесу барысында студенттер ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын, академиялық коммуникацияны дамытуға бағытталған пікірталастарға қатысты. Топтық талқылаулар мен жаттығу тапсырмалары ұйымдастырылды. Іс-шара ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға және академиялық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етті.