Семей қаласындағы Абай музейіне экскурсия
2024 жылдың 7 желтоқсанында Семей медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының (5108-топ) және «Педиатрия» мамандығының (3431-топ) студенттері неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ассистенттері Әрінқызы Жұлдыз және Ахметкалиева Ш.Б. жетекшілігімен Абай Құнанбайұлы музейіне танымдық экскурсия жасады. Абайдың әдеби-мемориалдық музейі – ұлы ақынның шығармашылық мұрасы сақталған ерекше мәдени орын. Экскурсия барысында студенттер музей экспозицияларымен танысып, Абайдың жеке заттарын,…





