ШОҚАН АСҚАН АСУЛАР

Жалпы білім беру кафедрасының оқытушысы Джакипова Танакөз Уалкановнаның ұйымдастыруымен Ш. Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Семей медицина университеті» КеАҚ «Медицина» мамандығының 1 курс студенттеріне ақпараттық-танымдық дәріс өткізілді. Атаулы шараны өткізудегі басты мақсат – атақты ғалым, кемеңгер ойшыл, от-жалынды азамат, ержүрек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың еңбектерінің құндылығын, ғылымға қосқан үлесін өскелең ұрпаққа насихаттау болды. Дәрісті «Alikhan…

Е.Р.Амировты еске алуға арналған волейболдан қыздар арасындағы турнир

Ағымдағы жылда «СМУ» КеАҚ дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен   ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Совет Одағының спорт шебері Е.Р.Амировты еске алуға арналған волейболдан қыздар арасында кезекті турнир өтті. Турнирге Шәкәрім атындағы университет, 33 орта мектеп, ГРК, АБУ  бес команда қатысты. Аталаған волейболдан турнир университетіміздің қабырғасында екінші мәрте ұйымдастырылуда. Жарыс нәтижесі бойынша келесі орындар бойынша бөлінді: 1 орын…

«СМУ» КeАҚ студенттері ҚРМУ-де

2025 жылдың 04 сәуірінде «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей медициналық университеті ұйымдастырған «Медициналық білім беру саласындағы халықаралық интеграция» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты. Іс-шара аясында ағылшын тілінде сөйлейтін студенттерге арналған «Cardiovascular system diseases: the connection between internal medicine and morphology» тақырыбында олимпиада өтті, оған жүрек-қан тамырлары ауруларын және…

Экология тазалығы-денсаулық кепілі

2025 жылдың 4 сәуірі «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның «Педиатрия» білім беру бағдарламасының студенттері сенбілік өткізді. «Экология тазалығы-денсаулық кепілі» деп аталатын бұл экосағат «TazaLike» мерекелік шарасы аясында өтті. Студенттер университет аумағын тазалап, тәртіп орнатты.  «TazaLike» аясында өткізілген іс-шара университет аумағын абаттандыру ғана емес, сонымен қатар Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар облысындағы мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің…

Діни фанатизм идеяларына қарсы іс-қимыл

2025 жылдың 4 сәуір күні «Абай облысының  Қоғамдық даму басқармасы» ММ  ұйымдастырумен «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерімен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбына дәріс өткізілді. Кездесудің мақсаты жас буын арасында деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыру және мұндай ағымдардың қауіптілігін түсіндіру болып табылады. Кездесу барысында,  Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы университетіміздің білім алушыларына…