Бәрі өз қолыңда

2024 жылдың 10 наурызында «Жалпы медицина» мамандығының 3103 тобының студенттері және топ кураторы Жазыкбаева Л.К «Қазына» кинотеатрына «Бари өз қолында» фильмін тамашалауға келді. Фильмде өзін отбасында да, мансабында да түсінбеген, сыныптастарының кездесуіне баруға бел буған Әселдің тағдыры баяндалады. Кездесуде сыныптастарының жетістігі мен Гауһардың келемеждеуіне көңілі одан сайын түседі. Картинада достық пен махаббатқа адал, отбасы мен…

Қос ғылыми диссертация қорғалды

Бүгін Тайоразова Гүлнар Болатқызының 8d10102-Медицина мамандығы бойынша «Туа біткен пневмониясы бар шала туылған нәрестелердегі D дәрумені мен микроэлементтер тапшылығының клиникалық – болжамдық ерекшеліктері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғауы өтті. Зерттеу жұмысы неонатологияның өзекті мәселелерінің біріне арналған. Перинаталдық және неонаталдық өлім-жітімді және одан кейінгі сырқаттану деңгейін төмендету қазіргі заманда денсаулық сақтаусаласындағы басты…

“Дұрыс тамақтану көптеген жылдар бойы денсаулықты сақтайды”

2024 жылдың 5 наурызында № 4 жатақхана базасында сенбі күнгі іс-шаралар жоспары аясында Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушылары Ш.М. Тоқешева мен М. Б. Бейсенгазина “Тамақтану және денсаулық” тақырыбында іс-шара (дәріс) өткізді. Дәріске осы жатақханада тұратын студенттер қатысты.  Дәріс барысында дұрыс тамақтану принциптері, тамақтану мен денсаулық арасындағы байланыс қарастырылды. “Барлығы дұрыс тамақтану керек екенін біледі. Бірақ бұл…

Студенттік ғылыми үйірмелер жәрмеңкесі

Құрметті Университетіміздің студенттері мен оқытушылары! Сіздерді Университетімізде өтетін ауқымды әрі пайдалы іс- шарамыз- Студенттік ғылыми үйірмелердің жәрмеңкесіне келуге шақырамыз. Университетіміздің әр кафедрасының ғылыми тынысымен тыныстап, өзіңіздің алдағы бағыт- бағдарыңызды таңдауды ойлап жүрсеңіз, сіз үшін айтулы іс- шара керемет мүмкіндік болмақ. Ғылыми үйірмелердің жәрмеңкесінде Университетіміздің әр кафедрасы өзінің жетістіктері, жұмыс жоспарлары мен ғылыми қызметін таныстырып қана…

Рамазан айының басталуымен!

Құрметті әріптестер мен білім алушылар! Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мезгіл жасампаздық қуаты мол құндылықтарды нығайтуға бастайтыны анық. Адам баласына тән мейірімділік пен қайырымдылық, кешірімділік пен сабырлылық сынды ізгі қасиеттерді айрықша қастерлеуге шақырады. Биыл көктемнің алғашқы күндерінде басталып отырған қасиетті Рамазан айында ынтымағымыз ары қарай күшейіп, бақ-береке мен ырыс-құтымыз арта берсін!…