С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не сапар

07 маусым күні С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Тағзым» акциясы аясында патологиялық физиология кафедрасына профессор Әділман Нұрмұхамбетұлы Нұрмұхамбетовтың есімін беру рәсімі өтті. Салтанатты шараға «СМУ» КеАҚ физиологиялық пәндер кафедрасынан қауымдастырылған профессор, м.ғ.к. Н.М. Оразалина шақырылды. Іс-шараға ардагерлер, патологиялық физиология кафедраларының меңгерушілері, ҚР медициналық университеттерінің профессорлары, университет қызметкерлері мен студенттері, сондай-ақ көрнекті профессор…

4 маусым- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

Конституциялық заңда белгіленген мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің айрықша белгілері болып табылады. Бұл күні кураторлар Л.В.Ковалеваның (физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы), О.Т. Ван  (симуляция және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушысы) жетекшілігімен шетел бөлімінің бірінші және үшінші курс студенттері Абай атындағы кітапханамен ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған қалалық іс-шараға қатысты. Іс- шараны Абай…

Интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған оқытушылар қатысқан жиналыс

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтық мәселесі өте өзекті болып тұр. Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, алаяқтардың айласына оқытушылар мен студенттер жиі алданатын көрінеді. Осыған байланысты оқу орнында Абай облысы полиция департаментінің КПБ  аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл полиция майоры М.М. Қабытаевпен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жиналыс өтті. Құқық қорғау органдарының қызметкері алаяқтықтар ең көп қолданатын қулықтардың қатарына…

Академиялық ұтқырлық

«Гастроэнтерология» мамандығы бойынша 1-ші оқу жылының резиденті Дүсіпбекова Арайлым 13.05-24.05.2024 ж. аралығында Еділ бойындағы медициналық зерттеу университетінде (Нижний Новгород, Ресей) тағылымдамадан өтті. Тағылымдаманың басым бағыттары: гастроэнтерологиядағы эндоскопия, аутоиммунды гепатиттер.   1-ші оқу жылының резиденті Серікова Талшын «Ревматология» мамандығы бойынша Еділ бойындағы медициналық зерттеу университетінде (Нижний Новгород) 20.05-31.05.2024 ж.аралығында тағылымдамадан өтті. басым бағыттары: Ревматоидты артрит, Псориатикалық…

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

31 мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн елімізде 1997 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтуде. Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, заңсыз қудаланған азаматтардың құқығын қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басталды. Яғни 1993 жылы 14 сәуірінде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. 1997 жылы Қазақстанның сол…