Қайырымдылық – адамның мейірімділігінің көрінісі

2024 жылдың 16 мамырында «Жалпы медицина» мамандығының 2427 тобы кураторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Г.М.Токешевамен  бірге облыстық мамандандырылған балалар үйіне барды.    Балалар үйінің ұжымы 3-4 жас аралығындағы үлкен топтағы тәрбиеленушілермен кездесу ұйымдастырып, онда студенттер балалармен сөйлесіп, ойнап, тәтті тағамдардан дәм татқызды. Кураторлық топ атынан студенттер…

«Абай мұражайы» кураторлық сағаты

2024 жылдың 16 мамырында ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Г.М.Токешева “Жалпы медицина” мамандығының 2427 кураторлық топ студенттерімен Абай мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығының құрамына кіретін бас музей кешеніне барды. Бұл кешен ақын-ағартушы, жазбаша қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы – Абай Құнанбайұлының құрметіне аталған.…

Отан батырлары

2024 жылдың 10 мамырында «Жалпы медицина» мамандығының 4403 тобының студенттері мен топ кураторы Жазықбаева Л.Қ. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кураторлық сағат өткізді.  Бұл шараның мақсаты студенттерді Қазақстан батырларының ерліктерімен таныстыру және оларды есте сақтау болды.  Кураторлық сағатта Қошқарбаев Рахымжан Қошқарбайұлы мен Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының өмірбаяндары талданды.  Бұл екі тұлға қазақ халқының ерлігін,…

Комплаенс-офицердің студенттік ректормен және 1-4 курс старосталарымен кездесуі

Ағымдағы жылдың 14 мамырында Комплаенс-офицер Мақсат Тлеуғазыұлы Бейсембаев пен жаңа студенттік ректор Ерасыл Серікұлы Өмірәлінов 1-4 курс старосталарымен кездесті. Комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнаманың нормаларын, емтихан тапсыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түсіндірді, сондай-ақ Академиялық адалдық саясатын сақтауға шақырды. Сонымен қатар, комплаенс-офицер қызметкерлердің, профессор-оқытушылар құрамының әрекеттеріндегі (әрекетсіздігіндегі) сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша өтініштер (хабарламалар)…

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Семей Медицина университетінің «Стоматология» мамандығының 1315 тобы мен кураторы Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызының ұйымдастыруымен, Семей қалалық қарттар үйінде «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара қарттарымыздың көңіл- күйін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шарада университетіміздің өнерлі де,талантты студенттері өз өнерлерін паш етті . Мерекелік шара Дарынқызы Мөлдір мен Аманжолова Мадинаның орындауында «Мереке» әнімен ашылды,келесі кезекте Мельдеш…