“Теңнен теңге” әдісін қолдана отырып, оқытушылық тағылымдаманы ұйымдастыру

Білім алушылардың педагогикалық құзыреттіліктерін дамытуға және оқытудың практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған «Оқыту арқылы оқыту» білім беру бағдарламасын іске асыру аясында неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасында бакалавриат деңгейіндегі студенттер үшін практикалық сабақтар ұйымдастырылып, өткізілді. 2026 жылғы 07 сәуірде 3231 тобының студенттеріне арналған практикалық сабақты 5331 тобының студенті Muhammad Faheem Ellahi өткізді. Сабақ барысында білім алушылар неврология…

Біліктілікті арттыру курсы

2026 жылғы 6–10 сәуір аралығында университетте білім беру бағдарламаларының үйлестірушілері мен жауапты тұлғаларына арналған «Білім беру бағдарламаларын жобалау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс дәрісін медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Астана медицина университеті» КеАҚ балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҒЖБМ Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының сарапшысы Мулдахметов Мейрам Сейтжанович жүргізді. Бағдарламаның мақсаты – жоғары білім беру…

«Жастардың әлеуметтік жауапкершілігі: балалар үйіне жасалған қайырымдылық сапар»

2026 жылғы 11 сәуір күні «Жалпы білім беру» кафедрасының «Стоматология 1309», «Педиатрия 1244» және «Медицина 1224» топтарының студенттері кураторлары Абешова Нургуль Муратбековна және Садыкова Лиза Кадырхановнамен бірге Абай облысы білім басқармасына қарасты «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-не барып, қайырымдылық және тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер орталық ауласында…

68-ші студенттік коференция

09.04.-10.04.26 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне және Семей мемлекеттік медицина академиясының профессоры Кубайдолла Айтқалиұлы Шаймардановтың рухына арналған «Ғылым және денсаулық» атты халықаралық қатысумен дәстүрлі 68-ші студенттік коференция өтті. Конференция жұмысы 8 секция бойынша болды. Жалпы білім беретін кафедрасының ПОҚ жетекшілігімен «Қазіргі білім берудегі пәнаралық интеграция» атты 1 секциясында 40 студент баяндама жасады. 1секция әділқазылар…

Таза Қазақстан – Таза Семей

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024–2029 жылдар аралығында 8 сәуірден 11 мамырға дейінгі кезеңді «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына арналған тұжырымдамасын бекіткен. Акция еліміздің барлық өңірінде қарқынды өткізіліп, оның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны тазарту, қалалар мен ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру, сондай-ақ азаматтардың экологиялық мәдениетін көтеру. Өңірлік деңгейде іс-шараларды қолдау мақсатында Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлының…