Ішкі аурулар пропедевтика кафедрасыдағы қысқы мектеп

2024 жылғы 8-19 қаңтар аралығында «СМУ» КеаҚ ішкі аурулар пропедевтика кафедрасы «Кардио-респираторлық жүйе бойынша практикалық дағдыларды игеру және пациенттерді курациялау» қысқы мектебін онлайн/оффлайн форматта өткізді. Қысқы мектепке «Медицина» мамандығы бойынша 3 және 2 курс студенттері белсенді қатысты. Практикалық сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты: доцент Жазықбаева Л.К. Студенттер күнделікті сабақтарға белсенді қатысып, теориялық және практикалық білімдерін…

ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНА БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Бүгін медицина «Семей медицина университеті» КеАҚ-да медицина ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰЖҒА корреспондент-мүшесі А.З. Дюсуповты еске алуға арналған шұғыл медицина бойынша Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның ашылу салтанатында «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор А. А. Дюсупов, медицина ғылымдарының докторы, профессор, университеттің ақылмандар кеңесінің төрайымы Р.Л. Иванова сөз сөйледі. Ауқымды шараға құрметті қонақ ретінде А.З.…

«Білім алушылар арасындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кураторлармен жиналыс

14.02.24 ж., СМУ КеАҚ-да «Білім алушылар арасындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Академиялық және тәрбие ісі жөніндегі проректор, режим бойынша көмекші, қауіпсіздік қызметі бастығының қатысуымен  топ  кураторларымен  жиналысы өтті. Академиялық және тәрбие ісі  жөніндегі проректор Ж.Қ.Смаилова білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты білім беру ортасын қамтамасыз етудің негізгі аспектісі болып табылатындығын айтты.…

Облыстық «абай оқулары» байқауы

Абай Құнанбаевтың   шығармашылық мұрасын өзге ұлт  жастары арасында насихаттау мақсатында 2024 жылдың  08  ақпанында «Семей медицина университеті» КеАҚ, жалпы білім беретін пәндер кафедрасы  облыстық  «Абай оқулары» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу,студенттердің мәнерлеп оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық мұрасын насихаттау болды. Байқау 2 кезеңнен тұрды. Бірінші  кезеңде Абай Құнанбаевтың өлеңін жатқа, мәнерлеп оқу болса,…

Дәріс

06.02.2024ж. Семей медицина университетінің №1 дәріс залында Жалпы білім беру кафедрасының оқытушылары  Психология ғылымының кандидаты, доцент Гизатуллина А.Г., және Базарбеков Ғ.Ж, Мұздыбаева Т.А., Жакупбекова Э.А., Садыкова Л.К. студенттермен кездесіп, жоғары оқу орындары студенттеріне этносаралық келісімді нығайту, студент жастар арасында құқықтық мәдениет пен ұлтаралық келіспеушіліктердің алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жайлы ақпараттармен бөлісті. Сонымен…