ОҚУ–ӘДІСТЕМЕЛІК ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ТАҚЫРЫБЫ: «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ»

2026 жылғы 3 науырызында жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары арасында ғалымдар мен тәжірибелі заңгерлердің қатысуымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі академиялық адалдық» тақырыбында кафедрааралық оқу-әдістемелік дөңгелек үстел өткізілді. Оқу–әдістемелік дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты — білім беруді цифрлық трансформациялау және жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу жағдайында академиялық адалдық пен құқықтық мәдениетті сақтаудың бірыңғай институционалдық стратегиясын қалыптастыру. Дөңгелек…

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын «Урология» пәні аясында талқылау

03.03.2026 жылы «Урология» пәні базасында 710 топ білім алушыларымен Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын талқылауға арналған іс-шара өткізілді — Қасым-Жомарт Тоқаев.Кездесу барысында оқытушылар мен білім алушылар Жолдауда айқындалған негізгі басым бағыттарды жан-жақты қарастырды: денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық білім беру сапасын арттыру, инновациялық технологияларды енгізу және саланың кадрлық әлеуетін нығайту.Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту, клиникалық тәжірибені цифрландыру…

«Урология» пәнінде Speaking Club

2026 жылғы 26 ақпанда «Урология» пәнінің ассистенттері халықаралық бөлім студенттерімен «Urological Terms. Interviewing a Real Patient» тақырыбында Speaking Club for International Students өткізді.Іс-шара барысында білім алушылар тек кәсіби терминологияны қайталап қана қоймай, шынайы клиникалық ортада өздерін дәрігер рөлінде сезініп көрді.Кездесу кезінде студенттер «дәрігер–пациент» клиникалық диалогын модельдеу дағдыларын пысықтап, коммуникативтік қателерді талдап, кәсіби медициналық сөйлеу тілін жетілдіру бағытында жұмыс жүргізді.

СҒҮ-нің кезекті отырысы

2026 жылғы 25 ақпанда неврология кафедрасында студенттік ғылыми үйірменің кезекті отырысы өтті. Отырыс неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ассистенті Мубаракова К. Е. басшылығымен ұйымдастырылды. Отырысқа 1–2 оқу жылының дәрігер-резиденттері қатысты. Баяндаманы 1-ші оқу жылы резиденті Оролтаева Ә.А «Альтернирлеуші синдромдар – ми сабауының ошақты зақымдануының көрінісі ретінде» атты тақырыпта дайындады. Баяндамада қиылыспалы неврологиялық симптомдардың патогенездік механизмдері,…

Инновациялық технологияларды енгізу

Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасында 25.09.2025 д. N580 бұйрығының 6-тармағын іске асыру шеңберінде “ӨЖЖ аппараттары, УДЗ, Аpollo роботтандырылған пациенті” медициналық жабдықтармен жұмыс істеу бойынша профессорлық-оқытушылық құраммен оқытудан өткеннен кейін алынған білім мен дағдыларды білім беру процесіне енгізу бөлігінде оқу процесіне жаңа технологиялар белсенді енгізілуде. 2026 жылғы 26 ақпанда 101-топтағы инфекционист резиденттер мен 613-топтағы ЖПД…