Студент-еріктілердің егде жастағы адамдарға заманауи технологияларды үйретуі

16.10.2025-04.12.2025 аралығында «Күміс университет» жобасы аясында Цифрлық сауаттылық курсы өткізілді. Курсты өткізуге Стоматология БББ 1301 тобының еріктілері Жібек Теміржанова, Данияр Бестерек және Қоғамдық денсаулық БББ 102 тобының еріктілері Ботакөз Талғатқызы, Қарлығаш Файзуллина, Айғаным Берікболова, Өркен Бітімбай, Темірлан Тұрдыбай қатысты. Егде жастағы адамдардың жаңа нәрсеге үйренуге деген талпынысы жас тыңдаушыларға үлкен мотивация берді: Олар өздерінің жасына…

Ортодонтиядан олимпиада

Құрметті стоматология факультетінің 4 және 5 курс студенттері! Сіздерді 2025 жылғы 12 желтоқсанда “МУС” КЕАҚ “Стоматологиялық пәндер және ЖБХ” кафедрасының оқу базасында өтетін ортодонтия бойынша олимпиадаға қатысуға шақырамыз. Бұл сіздің біліміңізді, дағдыларыңызды және бәсекеге қабілетті рухыңызды көрсетудің тамаша мүмкіндігі! Қатысушыларды қызықты тапсырмалар, практикалық кезеңдер, сондай-ақ жеңімпаздар үшін жүлделі орындар мен сыйлықтар күтеді! Ортодонтияда не істей…

Облыстық прокуратурада Республика күніне арналған эссе байқауы

Абай облысының прокуратурасы Семей қаласының ЖОО студентер арасында Қазақстан Республикасы күніне арналган ең үздік эссе жумысына конкурс жариялады. Бұл байқаудың мақсаты- студенттердің патриоттық сезімін арттыру, Қазақстан Республикасы күнінің маңызын түсіндіру және жастардың шығармашылық қабілетін дамыту болды. Аталған байқауға 1112 топ студенті белсене қатысып, өз ойын көркем тілмен жеткізе білді. Нәтижесінде, Кенжебек Нұрсенім алғыс хат пен…

«Біздің өміріміздегі стресс: алдын алу және оны жеңу жолдары» тақырыбында тренинг

Бекітілген «Сенбілік іс-шара» кестесіне сәйкес симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы 2025 жылдың 29 қарашасында №3 Студенттер үйінде 1 курс студенттеріне «Біздің өміріміздегі стресс: алдын алу және оны жеңу жолдары» тақырыбында тренинг өткізді. Қазіргі өмірде стресс, әсіресе медицина студенттерінің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Академиялық жүктеменің, тәжірибелік сабақтардың, емтихандардың және жеке міндеттемелердің үйлесімі…

7М10106 «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік жобалардың қорытынды қорғалуы өтті

2025 жылғы 4 желтоқсанда НАО «Семей медицина университетінде» 7М10106 «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың магистрлік жобаларын қорытынды қорғауы болып өтті. Өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын Бешимбаева Ж.И., Шунатова А.С., Кандалакова Л.Ж. және Дюсембина Г.К. таныстырды. Қорғау барысында магистранттар жоғары дайындық деңгейін, зерттеулерінің ғылыми негізділігін және олардың практикалық бағытталғандығын көрсетті. Ұсынылған жұмыстар медициналық ғылымның заманауи тенденцияларына…