Қысқы мектеп

2025 жылғы 12–19 желтоқсан аралығында жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі студенттік клубтың қызметі аясында жұқпалы аурулар бойынша қысқы мектеп өткізілді. Қысқы мектеп шетелдік бөлімде білім алатын студенттерді біріктіретін білім беру және ғылыми-практикалық алаң болып табылады. Мектеп жұмысы барысында қатысушылар жұқпалы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша өзекті білім алды. Қысқы мектептің бағдарламасы жетекші…

Жас оқытушылар мектебінің отырысы

2025 жылғы 18 желтоқсанда «Семей медициналық университеті» КЕАҚ-да Жас оқытушылар мектебінің кезекті отырысы өтті. Отырыс аясында мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі, доцент Жұманбаева Ж.М. «Гранттық қаржыландыруға өтінім берудің негізгі қағидалары» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында гранттарға өтінім беру тәртібі, құжаттарды дұрыс рәсімдеуге қойылатын талаптар, конкурстық іріктеуден сәтті өтудің негізгі шарттары, сондай-ақ өтінімдерді дайындау кезінде жиі жіберілетін…

“Қазақстан тәуелсіздігін жариялау және ҚР мемлекеттік жүйесі” тақырыбында кураторлық сағат

17.12.25 ж.куратор Р. Б. Темірханованың жетекшілігімен “Қазақстан тәуелсіздігін жариялау және ҚР мемлекеттік жүйесі” тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Баяндаманы ЖТД 729 тобының интерн Рахметолла Дильназ ұсынды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мемлекеттің одан әрі даму жолын айқындаған негізгі тарихи оқиға болып табылады. 1991 жылғы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заң қабылданды, ол елдің егеменді мәртебесін ресми түрде бекітті және ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру үшін…

Клиникалық құзыреттілікті жетілдіру

2025 жылдың 8-12 желтоқсаны аралығында әлемдік деңгейдегі дәрігер және ғалым, медицина ғылымдарының докторы, философия докторы және Америка неврология академиясының (FANA) мүшесі профессор Сону Бхаскар нейроваскулярлық және нейрокритикалық көмек бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізді. Доктор Бхаскар – жаһандық денсаулық сақтау және неврология саласындағы зерттеулерге, саясатқа және инновацияларға бағытталған Global Health Neurology Lab компаниясының бас директоры. Ол…

“Тәуелсіздік-халықтың мақтанышы мен игілігі”

Қазақстан Тәуелсіздік күні-Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Ел тұрғындары бұл күнді жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтеді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң қабылдады. 2025 жылдың 15 желтоқсанында анатомия, гистология және профессор Н. А.Хлопов атындағы топографиялық анатомия кафедрасының оқытушылары мен 3636, 4129, 4404 , 1218, 1241  кураторлық…