Кәсіптік бағдар беру жұмысы
Профессор С. Б. Маукаева, доцент Е. М. Смаил және 602 топтың интерн-терапевттері Семей қаласының №8 орта мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Медициналық университетке түскісі келетін 10-11 сынып оқушылары шақырылды. Интерн-терапевттер дәрігер мамандығының адамгершілігі, медициналық университетке түсу шарттары туралы айтып берді . Оқушылардың сұрақтарына жауаптар берілді. Маукаева С. Б., Смаил Е. М.





