Жүректен шыққан жылулық: кафедраның және студенттердің паллиативтік орталыққа қайырымдылық шарасы
2025 жылдың 25 қарашасында Семей медицина университетінің неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына қайырымдылық шарасы өткізілді. Шараға 3410-топтың студенттері белсенді түрде қатысып, мекеме тұрғындарына рухани қолдау көрсету мақсатында шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Қарияларымыздың көңілін бір серпілтіп, қуаныш сыйлады.Концерттік бағдарламадан кейін студенттер мен кафедра оқытушылары ауруханаға қажетті жабдықтар…





