Рязань мемлекеттік медицина университетіндегі студенттердің академиялық ұтқырлығы
2025 жылдың 13-29 маусым аралығында «6B10101 Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 4-курсының бес студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Академик И.П. Павлов атындағы Рязань мемлекеттік медицина университетінде (Рязань қ., Ресей) терапиялық бағыттағы өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибе барысында студенттер клиникалық база негізінде өткен сараптамалық семинарлар мен шеберлік сабақтарына қатысты, заманауи симуляторлар мен тренажерларда жұмыс істеді, терапиялық бейіндегі…





