Абай Құнанбайұлы мешітіндегі қайырымдылық шарасы
2025 жылдың 5 сәуірінде стоматология факультетінің 1309 тобы куратор Жайырбаева Жананұр Камбаровнаның жетекшілігімен Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлы мешітінде өткен Ораза айт мерекесіне арналған қайырымдылық шарасына қатысты. Волонтерлер 100 көпбалалы және аз қамтылған отбасына азық-түлік пакеттерін таратуға көмектесті. Бұл күн мейірімділік пен бірліктің үлгісі болды.





