«Медицина» білім беру бағдарламалары бойынша магистрлік диссертациялар мен жобаларды қорғау сәтті өтті

2026 жылғы 17 маусымда «Семей медицина университеті» КеАҚ-да 7М10105 «Медицина» (ғылыми-педагогикалық бағыт) және 7М10106 «Медицина» (бейіндік бағыт) білім беру бағдарламалары бойынша магистранттардың қорытынды аттестаттауы өткізілді. Қорғау барысында магистранттар заманауи медицинаның өзекті мәселелеріне, медициналық көмектің сапасын арттыруға және денсаулық сақтау саласындағы кәсіби қызметті жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулері мен тәжірибелік маңызы бар жобаларын ұсынды. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы…

Құрметті талапкерлер!

Құрметті талапкерлер! «Семей медицина университеті» КеАҚ Қабылдау комиссиясы өз жұмысын 2026 жылғы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырады. Психометриялық емтихан 2026 жылғы 20 маусым мен 20 тамыз аралығында өткізіледі. 📍 Мекенжайы: Абай көшесі, 103, Бас корпус 🕘 Жұмыс уақыты: 08:30–17:30 📞 Байланыс телефондары: 8 (7222) 32-61-80 8 (778) 008-57-56 Сіздерді Қабылдау комиссиясында күтеміз.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған әскери-медициналық эстафета

2026 жылдың 12 маусымында симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы Әскери кафедрамен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған әскери-медициналық эстафета өткізді.Іс-шараға “Семей медицина университеті”КеАҚ әскери кафедрасында оқитын 4 курс студенттерінің командалары қатысты. Эстафета барысында қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларын көрсетті, сондай-ақ тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын дұрыс пайдалану жөніндегі нормативтерді…

ТДМ 3 – Жақсы денсаулық және әл-ауқат

Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында, атап айтқанда ТДМ 3 – «Барлық жастағы адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатқа жәрдемдесу» мақсатына сәйкес, м.ғ.к., доцент Д.М. Түсіпова атындағы педиатрия кафедрасының ассистенті С.Ж. Рахимбаева «Медицина» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерімен іс-шара өткізді.Іс-шара болашақ дәрігерлердің балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы даярлық сапасын арттыруға бағытталды,…

Шетелдік білім алушыларға арналған педиатрия бойынша жазғы мектеп

2026 жылғы 8-13 маусым аралығында «Семей медицина университеті» КЕАҚ ОЖ базасында м.ғ.к., доцент Д.М. Тусупова атындағы педиатрия кафедрасы «Медицина» ББ 4-курсының шетелдік білім алушыларына арналған Жазғы мектепті ұйымдастырып, өткізді. Мектеп тақырыбы: «Clinical interpretation of laboratory tests in pediatrics» («Педиатриядағы зертханалық талдауларды клиникалық интерпретациялау»). Өткізу формасы: аралас (онлайн/офлайн). Ұйымдастырушылар: PhD, ассистент Тугелбаева А.М., ассистент Жангалиева Г.М.,…