«Президенттің Жолдауы – ел дамуының бағдары»
2025 жылғы 8 қыркүйекте 1128 және 1223 топтарының кураторы Букатаева А.Б. Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауымен таныстыру тақырыбында сынып сағатын өткізді. Іс-шара барысында студенттер Жолдауда айтылған негізгі бағыттарды талқылады, әсіресе денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жақын арада медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылаудың жаңа жүйесі жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы енгізілетіні атап өтілді.…





