Өзіне-өзі қол жұмсау белгілері және девиантты мінез-құлық кезінде көмек пен қолдау көрсету әдістері

30.04.2025 күні Елеукенова Жанар Маратқызы 208 стом. кураторлық тобымен студенттердің психикалық денсаулықтың маңыздылығын түсінуін қамтамасыз ету, эмпатияны дамыту, суицидтік және девиантты мінез-құлықты ерте анықтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Өзіне-өзі қол жұмсау белгілері және девиантты мінез-құлық кезінде көмек пен қолдау көрсету әдістері»  тақырыбында дәріс және топтық талқылау элементтері бар ашық әңгіме форматында кураторлық сағатын өткізді. Кураторлық сағатта…

Суицидтің алдын алу — ортақ міндет

Суицид — жастар арасында жиі кездесетін күрделі мәселе. Осыған байланысты 1104-топта куратор Роза Дайырбекованың жетекшілігімен студенттермен арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Психолог мамандар күйзелістің белгілері, көмек сұрау жолдары және сенім телефондары туралы ақпарат берді. Мұндай шаралар жастарды қолдауға, қиындықпен жалғыз қалмауға және өмірді бағалауға бағытталған.

Құқық және тәртіп

2025 жылғы 5 мамырда Жалпы білім беру пәндер кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы Г.Т. Уранхаева және саяси ғылымдар кандидаты, аға оқытушы А.М. Рахимова жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында студенттер мен Семей қалалық прокуратурасының өкілі арасында кездесу ұйымдастырды. Кездесу аясында Семей қалалық прокуратура бөлімінің аға прокуроры Жібек Мұхитқызы Тумабаева «СМУ» КеАҚ 2 курс студенттеріне…

«СМУ» КеАҚ спартакиадасы 2025 ж.

Ағымдағы жылдың 03 мамырда «СМУ» КеАҚ қабырғасында дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында Жеңістің 80-жылдығына арналған спорт түрлерінен Спартакиада өтті. Әр жұманың үш сенбі күндері біздің қызметкерлер спорттың волейбол, футбол, үстел теннисі және эстафета ойындарымен қоса арқан тарту бойынша жарыста бақ сынасты. Барлық қызметкерлер келесідей топтарға бөлінді: кафедралар 7 командаға бөлінді, әр командада бес кафедра, сонымен қатар AУП командасы мен университет госпиталінің командасы. Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері спорттың барлық түрлерінде өнер көрсету қорытындысы бойынша…

Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру

2025 жылғы 7 сәуірде кураторлық сағат аясында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене, жыныстық және санитарлық-гигиеналық тәрбие» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс «Медицина» мамандығының 441-кураторлық тобының студенттерімен өткізілді. Дәрістің мақсаты: аурулардың алдын алу және салауатты өмір салты туралы білім тарату. Дәріс мазмұнды өтті, студенттер қызықты баяндама үшін кураторға алғыстарын білдірді. Топ кураторы: Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті…