2024 жылдың 6 желтоқсанында Городской ауруханасы №1 базасындағы ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында «Кардио-респираторлық жүйе патологиясы» бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға «Медицина» факультетінің 3-курсынан 35 студент белсене қатысты. Қатысушылар өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті: кеуде қуысының қаралуы, пальпациясы, перкуссиясы, өкпе аускультациясы, жүрек пен ірі қан тамырларын қарау, жүрек аймағын пальпациялау, жүрек шекараларын перкуссиялау, жүрек аускультациясы. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1-орын – Карпачева Аделия, 2-орын – Кабиева Даяна, Зағамбекова Ләйлә, 3-орын – Жұмакенова Даяна, Бақбергенов Азамат. Олимпиада ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушылары Жазықбаева Л.К. (доцент), Токабаева А.К. (доцент) жетекшілігімен өтті. Қазылар алқасы студенттердің дайындық деңгейі мен кәсіби дағдыларын жоғары бағалады. Қалған қатысушыларға кәсіби дамуға деген ынтасы мен белсенді қатысқаны үшін сертификаттар берілді. Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және медицина саласында табыс тілейміз! Жазықбаева Л.К.

2024 жылдың 6 желтоқсанында Городской ауруханасы №1 базасындағы ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында «Кардио-респираторлық жүйе патологиясы» бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға «Медицина» факультетінің 3-курсынан 35 студент белсене қатысты. Қатысушылар өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті: кеуде қуысының қаралуы, пальпациясы, перкуссиясы, өкпе аускультациясы, жүрек пен ірі қан тамырларын қарау, жүрек аймағын пальпациялау, жүрек шекараларын перкуссиялау, жүрек аускультациясы.…

Күміс университеті. “Бір-бірден” конкурстық-ойын-сауық бағдарламасы

2024 жылғы 29 қарашада “Семей қаласының № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында” күндізгі жартылай стационар қызметкерлері “Бір-бірден 2024” музыкалық-пародиялық шоу-бағдарламасын ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара “Күміс университеті” жобасы аясында 2022 жылдың қазан айында біздің мекемелер арасында жасалған меморандум шарттарына сәйкес өткізілді. Тәуелсіз қазылар алқасы ретінде “СМУ” оқытушылары шақырылды: психиатрия және наркология…

Балалар аурулары пропедевтикасы бойынша іріктеу сайысы

13 қарашада «Балалар аурулары пропедевтикасы» пәні бойынша іріктеу сайысы өтті. Қазылар алқасының құрамында балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенттері Смагулова А.Е. және Сәкім Д.Ғ. Байқау келесі кезеңдерден тұрды: 1 кезең – тесттік және ситуациялық тапсырмаларды шешу; 2 кезең – билеттер бойынша ауызша сұрау; 3 кезең – практикалық дағдылар. Байқауға 3 және 4 курс студенттерімен қатар интерндер…

“Самарқанд 2020” V Халықаралық олимпиадаға іріктеу олимпиадасы

13.11.2024 жылы психиатрия және наркология кафедрасы “Семей Медицина Университеті” студенттері арасында “Самарқанд 2020” Халықаралық олимпиадасына пәнаралық іріктеу конкурсына белсенді қатысты. “Самарқанд 2020” Халықаралық олимпиадасына іріктеу олимпиадасы үш кезеңнен тұрды. Психиатрия және наркология кафедрасының қазылар алқасының мүшелері: Молдағалиев Т. М. PhD докторы, психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, Алмагамбетова Алия Абдуллаевна, кафедра ассистенті, Сарсембина Ж. Д. м.…

“Самарканд 2020” халықаралық олимпиадасына арналған пәнаралық іріктеу конкурсы

Құрметті студенттер! Сіздерді СҒҚ ұйымдастырған “Самарканд 2020” Халықаралық Олимпиадасына арналған Пәнаралық Іріктеу Конкурсына қатысуға шақырамыз! Ол 12-13 қарашада Семей Медицина Университетінде өтеді. Бұл – іргелі және клиникалық медициналық пәндер бойынша өз біліміңіз бен практикалық дағдыларыңызды көрсетуге, үздік болуға бірегей мүмкіндік! Конкурс сізге не береді? Екі күндік сайыс: Әр күн белгілі бір пәндерге арналған, оның ішінде…