Жазғы мектеп “Кардиологиядағы рационалды фармакотерапия”

29 маусым мен 3 шілде аралығында медицина ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Мусин атындағы Фармакология кафедрасында «Кардиологиядағы рационалды фармакотерапия» атты Жазғы мектеп өткізілді. Қарқынды оқу курсына «Медицина» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері қатысты. Жазғы мектеп бағдарламасы толықтай клиникалық фармакологияның өзекті мәселелеріне арналды. Бұл болашақ дәрігерлерге дәрілік заттар туралы теориялық білімдерін кардиологиялық бейіндегі нақты клиникалық жағдайлармен ұштастыруға…

«Пациентке бағдарланған медицина: теориядан тәжірибеге» атты жазғы мектеп

09–19 маусым аралығында «Мейіргер ісі» кафедрасында «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «Пациентке бағдарланған медицина: теориядан тәжірибеге» атты жазғы мектеп өткізілді. Жазғы мектеп кафедра меңгерушісі Жұманбаева Ж.М. жетекшілігімен, кафедра ассистенттері Асқарова М.М., Болатова М.Б., Қисина Р.М. ұйымдастыруымен өтті. Іс-шара «Алғашқы медициналық-санитариялық көмектегі мейіргер ісі» пәні аясында өткізіліп, студенттердің пациентке бағдарланған көмек көрсету, тиімді коммуникация…

2 курс резиденттерге арналған жазғы мектеп

Жүктілік және босану кезіндегі ұрықтың құрсақішілік жағдайын бағалау дағдыларын жетілдіру үшін А.А. Козбагаров атындағы акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, профессор Гульяш Алтынғазықызы Танышева 2026 жылдың 25 мамырынан бастап 30 мамырына дейін СМУ-ң Өскемен филиалында акушерлік-гинекология мамандығының екінші курс резиденттеріне арналған «Ұрық кардиотокографиясы» тақырыбында жазғы мектеп өткізді. Мектеп аралас форматта өтті: Өскемен резиденттеріне оффлайн және Семей…

Магистратураға түсушілерге арналған Ашық есік күні

19.06.2026 жылы мейіргер ісі кафедрасында «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының магистратурасына түсуге ниет білдірген студенттер мен талапкерлерге арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға магистратураның білім беру бағдарламасы, оқу ерекшеліктері, ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары, қабылдау талаптары және түлектердің кәсіби әрі академиялық даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар білім беру үдерісі, ғылыми қызмет және…

Мейіргер ісі кафедрасында Russian Speaking Club отырысы өтті

2026 жылғы 4 мамырда Мейіргер ісі кафедрасында шетелдік студенттерге арналған «Науқастың жалпы гигиенасы» тақырыбында Russian Speaking Club кезекті отырысы өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің орыс тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын кеңейту және кәсіби медициналық терминологияны қолдана отырып коммуникативтік құзыреттілігін жетілдіру. Кездесу барысында қатысушылар науқастың жалпы гигиенасының негізгі қағидаларын, жеке бас гигиенасы ережелерін, инфекциялардың…