«Урология» пәні бойынша резиденттерге арналған «тең-теңіне» форматындағы сабақ

2026 жылғы 06 мамыр күні «тең-теңіне» қағидаты бойынша педагогикалық практика аясында «Урология» пәнінде «Ересектер және балалар урологиясы мен андрологиясы» мамандығының резиденттеріне арналған оқу сабағы өткізілді. Сабақты 3-курс резиденті Зекенов К. жүргізді. Сабақтың тақырыбы — «Диагностиканың инструменталдық әдістері». Сабақ барысында урологиялық патологияны диагностикалау және емдеудің заманауи тәсілдері жан-жақты қарастырылды. Резиденттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, клиникалық жағдайларды…

Пәнаралық тәсіл: ювенильді склеродермия бойынша жазғы мектеп тәжірибесі

2026 жылғы 21–30 сәуір аралығында «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның м.ғ.к., доцент Түсіпова Д.М. атындағы педиатрия кафедрасында «Ювенильді склеродермия: диагностика мен емдеудің заманауи тәсілдері» тақырыбында жазғы мектеп өткізілді. Жазғы мектептің ұйымдастырушылары және негізгі оқытушылары — педиатрия кафедрасының ассистенті Иманмадиева Д.М. және ревматология және ішкі аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, м.ғ.к. Рымбаева Т.Х. болды. Оқыту пәнаралық форматта өтті.…

«Клиникаға кіріспе» пәні бойынша университетішілік және қалалық олимпиада

2026 жылғы 24 сәуірде мейіргер ісі кафедрасында «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша университетішілік және қалалық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері, сондай-ақ медициналық колледждердің студенттері қатысты: «Авиценна» жоғары медициналық колледжі, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Дүйсенби Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі» КМК және Семей қаласының медициналық колледжі. Қатысушыларға мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі…

Балалардағы қан түзу ағзаларының зақымдану синдромы

23.04.26 ж. 4109 топтың «Медицина» факультетінің студенті Асхатова Сабина 3618 топтың «Медицина» мамандығы студенттеріне «Балалар патологиясы» циклі бойынша қазақ тілінде практикалық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Қан түзу ағзаларының зақымдану синдромы». Аталған сабақ педагогикалық тағылымдама («Тең–теңіне») аясында педиатрия кафедрасының ассистенті, м.ғ.к., доцент Тусупова Д.М. Абаева К.Д. жетекшілігімен өтті. Сонымен қатар сабаққа кафедраның оқу ісі жөніндегі меңгерушісінің…

Балалар патологиясы бойынша практикалық сабақты өткізу

22.04.26 ж. 4109 топтың «Медицина» факультетінің студенті Әсет Аяжан 3618 топтың «Медицина» мамандығы студенттеріне «Балалар патологиясы» циклі бойынша қазақ тілінде практикалық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Туа біткен жүрек ақаулары синдромы». Аталған сабақ педагогикалық тағылымдама ( «Тең–теңіне» қағидаты) аясында педиатрия кафедрасының ассистенті, м.ғ.к., доцент Тусупова Д.М. Абаева К.Д. жетекшілігімен өтті. Сонымен қатар сабаққа кафедра меңгерушісінің оқу…