Жаңа кітаптар

Құрметті кітапхана пайдаланушылары! Өз пәндері бойынша соңғы оқу әдебиеттеріне қызығушылық танытатындардың барлығын кітапхананың оқу залында 2023 жылғы 11 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығында өтетін кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз. Сондай-ақ, университеттің веб-сайтындағы «Кітапхана» бөлімінде: https://smu.edu.kz/ru/obuchenie/biblioteka/ жаңадан келгендер, жазылу және толықмәтінді медициналық ресурстарға тестілік қолжетімділік туралы аннотацияланған ақпаратты көре аласыз.

Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы қызметкерлерінің студенттермен кездесуі

01.09.2023 жылы «СМУ» КеАҚ Өскемен филиалында “Жалпы дәрігерлік тәжірибе” мамандығы бойынша 6 және 7 курс студенттерінің кафедра және деканат қызметкерлерімен кездесуі өтті. Филиал директоры А.Қ.Мұқажанова және декан орынбасары Аймухамбетов Е.Н. оқу жылының басталуымен құттықтады. Білім беру мәселелері бойынша ЖДТ кафедрасының меңгерушісі Темирханова Р.Б. сөз сөйледі. Оқыту, кәсіптік тәжірибе, тәрбие жұмысы және студенттердің ғылыми үйірмесінің негізгі…

«Ошақ» тактикалық-арнайы сабағы

«Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерінің оқу-жаттығу жиынының сабақ кестесіне сәйкес, 22-23 тамыз 2023 жылы әскери кафедра оқытушыларының басшылығымен «Ошақ» тактикалық-арнайы сабағы өткізілді. Сабақ барысында курсанттар оқу медициналық ротасының негізгі бөлімшелерін орналастыру және «шартты түрде жараланған науқастарға» медициналық көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды орындауды пысықтады. «Шартты жарақат» алған жерден оларды медициналық ротада пункт ішіндегі сұрыптау және…

Әскери-медициналық эстафета

Әскери кафедрада курсанттардың медициналық білімін және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мақсатында 21 тамыз 2023 жылы оқытушы запастағы полковник М.Ш. Амановтың ұйымдастыруымен эстафета өтті. Сайыс барысында 1 және 2 взвод курсанттарымен шина салу, артериалды қан кету кезінде алғашқы көмек көрсету, жарақат кезіндегі алғашқы көмек және т.б. дағдылар бойынша жаттығулар орындалды. Аталған жаттығулар уақытқа есептелінді, сонымен қатар, алгоритмдердің…

Курсанттардың әскери оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңі

Біз, «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы әскери кафедрасының 3, 4 взвод курсанттары, оқытушылар запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлының, запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смагулов Ардабек Тулеубековичтің басқаруымен, оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңінде Семей қаласының Әскери госпиталі базасында кәсіптік практикадан өттік. Алғашқы сәттен бастап алған әсеріміз өте ерекше. Практикадан өту барысында біз терапия, хирургия,…