«Ошақ» тактикалық-арнайы сабағы

«Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерінің оқу-жаттығу жиынының сабақ кестесіне сәйкес, 22-23 тамыз 2023 жылы әскери кафедра оқытушыларының басшылығымен «Ошақ» тактикалық-арнайы сабағы өткізілді. Сабақ барысында курсанттар оқу медициналық ротасының негізгі бөлімшелерін орналастыру және «шартты түрде жараланған науқастарға» медициналық көмек көрсету бойынша практикалық дағдыларды орындауды пысықтады. «Шартты жарақат» алған жерден оларды медициналық ротада пункт ішіндегі сұрыптау және…

Әскери-медициналық эстафета

Әскери кафедрада курсанттардың медициналық білімін және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мақсатында 21 тамыз 2023 жылы оқытушы запастағы полковник М.Ш. Амановтың ұйымдастыруымен эстафета өтті. Сайыс барысында 1 және 2 взвод курсанттарымен шина салу, артериалды қан кету кезінде алғашқы көмек көрсету, жарақат кезіндегі алғашқы көмек және т.б. дағдылар бойынша жаттығулар орындалды. Аталған жаттығулар уақытқа есептелінді, сонымен қатар, алгоритмдердің…

Курсанттардың әскери оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңі

Біз, «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы әскери кафедрасының 3, 4 взвод курсанттары, оқытушылар запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлының, запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смагулов Ардабек Тулеубековичтің басқаруымен, оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңінде Семей қаласының Әскери госпиталі базасында кәсіптік практикадан өттік. Алғашқы сәттен бастап алған әсеріміз өте ерекше. Практикадан өту барысында біз терапия, хирургия,…

Оқу-жаттығу жиыны басталды

Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедра студенттерінің оқу-жаттығу жиындарын (кәсіптік практиканы) 2023 жылы өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 24 наурыз 2023 жылы әскери кафедрада білім алушы 2,3,4 курс студенттерінің оқу-жаттығу жиындары (кәсіптік практикасы) басталды. Салтанатты жиын…

Қорытынды аттестаттау, 5 курс

21.06-27.06.23 «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 5 курс студенттері екі кезеңді қамтитын қорытынды аттестациядан өтеді: 1) білімді бағалау (компьютерлік тестілеу); 2) дағдыларды бағалау (ОҚКЕ). Қорытынды аттестацияның бірінші кезеңінде бакалавриаттың 4-5 курсында оқытылатын пәндердің 100 сұрағы ұсынылады. Екінші кезең (ОҚКЕ) 4-5 курста оқытылатын пәндер бойынша 16 станцияны (8 белсенді және 8 пассивті) қамтиды. Белсенді станция стандартталған…