Студенттік-ғылыми қоғам жиналыс такырыбы: “Балалардағы қант диабеті. Қант диабетінің дамуындағы тұқым қуалайтын фактордың рөлі”
2023 жылғы 31 қаңтарда Д. М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасында 1 және 2-ші оқу жылғы резидент-педиатрлардың қатысуымен “Балалардағы қант диабеті. Қант диабетінің дамуындағы тұқым қуалайтын фактордың рөлі” атындағы студенттік-ғылыми үйірмесінің отырысы өткізілді. Қатысушылардың алдында сөйлеген 2-ші оқу жылғы резидент-педиатр Садықова Тынышык дәлелді медицина тұрғысынан балалардағы қант диабетін диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістеріне…





