«Тең – теңімен» . Студенттер арасында тәжірибе алмасу

2026 жыл 27 ақпанда «Қоғамдық денсаулық» кафедрасында 1307-топ студенттеріне арналған «Қоғамдық денсаулық негізі» пәні бойынша тәжірибелік бағыттағы сабақ ұйымдастырылды. Іс-шара «Тең – теңімен» оқыту стратегиясы негізінде өткізілді. Сабақты 1307-топ старостасы Арсен Мұқаш жүргізді. Сабақ барысында «Репродуктивті денсаулық» ұғымы мен ана мен бала денсаулығы сұрақтары кеңінен талқыланды. Оқытушының көмегімен ұйымдастырылған жағдайлық есептер және тест тапсырмалары әзірленіп,…

«Тең-теңіне» жобасы аясындағы білім алушылардың оқытушылық қызметі

2026 жылғы 23 ақпанда «Тең-теңіне» жобасын іске асыру және білім алушылардың оқытушылық қызметін дамыту аясында 4416 топтың старостасы Айтанова Милана 4416 топ студенттеріне Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысы Төребекова Мамыр Сымбатқызының жетекшілігімен оқу сабағын өткізді. Сабақ «Инфекциялық бақылау» пәні бойынша «Ауруханаішілік инфекциялар кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты —…

«Тең-теңіне» жобасы аясында студенттердің педагогикалық қызметін жүзеге асыру

2026 жылғы 24 ақпанда «Тең-теңіне» жобасын іске асыру және білім алушылардың оқытушылық қызметін дамыту аясында Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 401 тобының білім алушысы Құсаин Елжас Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысы Төребекова Мамыр Сымбатқызының жетекшілігімен Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 103 тобы студенттеріне оқу сабағын өткізді. Сабақ «Қоршаған орта және денсаулық» пәні бойынша «Топырақ қоршаған орта объектісі ретінде»…

Студенттік тәлімгерлік: «Тең – теңімен» стратегиясы мейіргер ісі кафедрасында

2026 жылдың 20 ақпанында «Мейіргер ісі» кафедрасында «Мейіргер ісі негіздері» пәні бойынша 101-топ студенттеріне арналған ерекше практикалық сабақ өтті. Шара «Тең – теңімен» оқыту стратегиясы аясында ұйымдастырылды. Сабақты 401-топ студенттері Мәрден Нұрбибі мен Арипова Еркежан жүргізді. Болашақ мамандар «Ауруханаішілік инфекция ұғымы, инфекциялық процесс» тақырыбында жағдаяттық тапсырмалар, презентациялар және тест жұмыстарын дайындады. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық…

Мейіргер ісі кафедрасында «Клиникаға кіріспе»

2026 жылғы 17 ақпанда «Мейіргер ісі» кафедрасында «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша 2120 ОМ тобының студенттеріне «Тең-теңіне» стратегиясы аясында практикалық сабақ өткізілді. Сабақты 401 МІ тобының студенттері Мәрден Нұрбибі мен Арипова Еркежан жүргізді. Олар «Науқастарды тасымалдау» тақырыбы бойынша жағдайлық есептер мен кейстер әзірледі. Дәстүрлі және инновациялық оқыту стратегияларын қолдана отырып, практикалық сабақ өткізілді.Болашақта осы бағытта білімін…