«Артериялық арна» жазғы мектебі
15–19 маусым аралығында Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында «Артериялық арна» атты жазғы мектеп өткізілді. Жазғы мектептің жетекшісі оқытушы Садыкова Динара Ормбайқызы болды. Сабақ барысында студенттер адам ағзасының артериялық жүйесінің құрылысын, мүшелер мен тіндердің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктерін, сондай-ақ артериялардың клиникалық маңызын терең меңгерді. Оқыту интерактивті дәрістерді, анатомиялық препараттармен жұмысты, ситуациялық тапсырмаларды…





