Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында ашық сабақ
11.09.2025 жылы ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты Жазыҡбаева Л.К. «Медицина» факультетінің 3221 тобының студенттерімен «Өкпе тініндегі қуыс синдромы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ ZOOM платформасында ОҚКМО өкілінің қатысуымен өтті. Сабақ жоғары әдістемелік және білім беру деңгейінде өтті. Студенттер сабақты клиникалық жағдайды талдаудан бастады. Талдау барысында студенттер жоғары теориялық дайындықтарын, клиникалық ойлау…





