«Стационардағы балалар аурулары» циклы бойынша пәндік олимпиада

2022 жылдың 3 қазан күні Түсіпова Д. М. атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасында 712, 713-топ жалпы тәжірибелік дәрігер-интерндар арасында кафедраның оқу ісі меңгерушісі Назарбекова М.С. мен кафедра ассистенті Қапанова А. А. басшылығымен және педиатр-резидент Магауина Ж. Х., Мөтей А. А. қатысуымен олимпиада өтті. Олимпиада мақсаты – студенттердің пәнге деген қызығушылығын оятып, ғылыми-зерттеу саласы бойынша…

Атамекен

Республика күні аясында 2022 жылғы 14 қазанда СМУ жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігі жариялаған «Атамекен» тақырыбында студенттер арасында диктант конкурсын өткізді. Аталған іс-шараға «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының 400-ден астам 1-2 курс студенттері қатысты. 2022 жылғы 18 қазанда диктант байқауының жеңімпаздары марапатталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

ҚР ҰҒА-ның академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен кураторлық топ студенттері ұйымдастырған Қайырымдылық акциясы

Әрбір жасалған қайырымдылық істе ізгіліктің бар екені анық. Қайырымдылық – адам бойындағы ақыл-ой мен жүрек жылуының үйлесімді көрінісі. Бойыңдағы жылуды, мейірімді ұсына білу адамдық асыл қасиеттердің бірі. Қазіргі таңда мұқтаж жандарға қол ұшын созатын ізгі жандар қатарының көбейіп келе жатқандығы қуантады. Жаныңда жүрген жандардың қуанышына ортақтасып, қиыншылығын көтерісу, қазақ халқының қанына біткен ұлттық болмысы мен…

Гамлет спектакліне кураторлық топпен бару

Кураторлық топпен жұмыс жоспарына сәйкес Абай театрына бару жоспарланған болатын. Театрдың қазақ труппасы У. Шекспирдің Гамлет спектаклін дайындады. Пьеса 1599-1601 жылдары жазылған. Бұл Шекспирдің ең ұзын пьесасы – 4042 жол және 29 551 сөз. Пьесаның өткен орны – Дания, онда князь Гамлет ағасы Клавдийден әкесін өлтіргені үшін кек алады, ол таққа отыру үшін Гамлеттің анасы…

“Балалар ауруларының пропедевтикасы” кафедрасында пікірталас сағаты өткізілді

17 қазанда “Балалар ауруларының пропедевтикасы” кафедрасында “Жалпы медицина” мамандығының шетелдік бөлімшесінің 443 тобының 4-курс студенттері үшін “Табиғаттағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерімен танысу” тақырыбында пікірталас сағаты өткізілді. Ұйымдастырушы: кафедра ассистенті Мұратова Ф. К. Семей медицина университетінің 4 курс студенттерінің алдында Ф. К. Мұратова “Табиғаттағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерімен танысу” тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері…

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әңгімелер

07.10.2022 жылы «Педиатрия» мамандығы бойынша 1231 топ студенттері үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әңгіме өткізілді. Әңгіменің мақсаты: өз денсаулығы үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; студенттерді салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігіне сендіру;ой-өрісін кеңейту. Салауатты өмір салтының негіздері: дұрыс тамақтану; спорт; жеке гигиена; қатаюдың әртүрлі түрлері; жаман әдеттерден бас тарту. Студенттер белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.…

Біздің студенттеріміз үстел теннисінен жарыста 1 орынға ие болды

07-08.10.2022 ж. аралығында Абай облысы бойынша университеттер мен колледждер арасында үстел теннисінің жарысы өтті. Бұл сайысқа «Семей медицина университеті» КеАҚ атынан ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті Сайдахметова Айгүл Сайдахметованың «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алатын 1212 кураторлық тобының студенті Ясінов Нұрасыл Әсетұлы жарысқа қатысты. Командалық ойын бойынша…

«Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыбына дебат сайысы өткізілді

25 қазан – Қазақстан Республикасының Республика күніне орай ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті Сайдахметова Айгүл Сайдахметовнаның «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алатын 1212 кураторлық тобы «Тәуелсіздік тұғырым» атты тақырыбына дебат сайысын өткізді. Бұл дебат сайысына 1 курс студенттерінің арасынан, атап айтқанда 1107, 1109, 1225, 1212 топтар студенттері…

“Дос-Мұқасан” фильміне кинотеатрға саяхат

2022 жылдың 14 қазанында «Жалпы медицина» мамандығының 3203 тобының студенттері және топ кураторы Жазықбаева Л. Қ. «Дос-Мұқасан» фильмін тамашалау үшін, «Дастан» кинотеатрына барды. Фильм осыдан 55 жыл бұрын Баянауыл маңында құрылыс отрядында қазақ тіліндегі барлық эстрадалық музыканың түп атасы болған ұлттық рок-н-ролл мен ұжымның қалай дүниеге келгені туралы баяндайды. Жалпы, бұл сапар студенттерге тек жақсы…

Әскери кафедрасының 3622 курсанттар тобы

2022 жылдың күзінде біз жалпы медицина факультетінің студенттері университетіміздің әскери кафедрасына оқуға түстік. Біздің 3622 курсанттар тобы (әскери бойынша взвод) әскери кафедрада оқу үшін әртүрлі топтардан жиналған. Әскери кафедраның бірінші семестрін бітіріп, теориялық және практикалық білім алдық. Оқу-жаттығу 3 аптаға созылды және оның негізгі мақсаты әскери жағдайды картада хабарлауды үйрену болды, сәйкесінше оқу кезеңінде біз…