Университеттік госпитальда мемлекет басшысының жолдауымен танысты

2022 жылы 27 қыркүйекте Семей қаласының Университеттік госпиталында, госпитальды хирургия бөлімінде 4109 және 4321 топтар арасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылдың қыркүйектің 1-ші жұлдызында өткен «Әділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауымен танысып, пікір алмасты. Жолдау барысымен студенттер 5 бағдар бойынша ақпарат алмасып, Қазақстанның экономикасының, мектептер мен бала-бақшалардың білім…

Қаһарман қыз – Хиуаз Доспанова

2022 жылы 19 қыркүйек күні әскери кафедраның курсанты Сағындықова Гүлнұр қазақ елінің қаһарман қызы – Хиуаз Доспановаға арналған презентациясын өткізді. Ұлы Отан соғысының ұшқышы, қазақ халқының батыр қызының өмірбаяны, ұшқыштық мамандығын игеру жолдары мен соғыс кезіндегі жеңіске қосқан ерең еңбектері жайлы айтылды. Хиуаз Каирқызының соғыс жалдарында өткерген қиын да қызықты шақтарын еске алып айтқан сұхбаты…

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының Семей медицина университетінің студенттерімен кездесуі

2022 жылдың 23 қыркүйек күні Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры Қ. Құрманбаев, ҚМДБ «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің меңгерушісі С. Құрбанұлы, ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің маманы Д. Сайфуллин «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты қалада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Кездесу барысында дін, қоғамдық көзқарас, өркениеттің даму…

Абай облысы бойынша Сот сараптама институтының «ҚР ӘМ сот-сараптау орталығы» РМКҚ филиал басшылығымен кездесу

2022 жылдың 22 қыркүйегінде «СМУ» КЕАҚ-да ЖТД 7 курс интерндері және «фармация» факультетінің 5 курс студенттеріне Абай облысы бойынша сот сараптама институтының «ҚР ӘМ Сот-сараптау орталығы» РМКҚ филиалы басшылығымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді цифрлық және PR-технологиялар бөлімінің техникалық қолдауымен Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мектебі, Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике ісі мектебі ұйымдастырды.…

«Клиницисттер мектебінің» отырысы. Семей қ. Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы

Оқу жылының басында «СМУ» КеАҚ Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында клиницисттер мектебі жұмысын қайта бастады. Оның аясында 2022 жылдың 19 қыркүйегінде кафедра меңгерушісі, профессор, м.ғ.д., Дюсупова Ажар Ахметқалиқызының жетекшілігімен және кафедра ассистенті, жоғары санатты дәрігер Терехова Татьяна Ивановна 714, 716 ЖТД интерндермен бірге «Ерте жастағы балаларды тамақтандырудың өзекті мәселелері» тақырыбында шара өткізілді. Бұл тақырып кездейсоқ…

Әскери кафедрада ашық есік күні

Әскери кафедрада 2022-23 оқу жылының қыркүйек айында курсанттарға әскери кафедра басшысы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шынғыс Оразмухаметовичтің басшылығымен және ұжымның қолдауымен «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Әскери дайындыққа жаңа қабылданған 3 курс курсанттары өздері білім алатын кафедраның оқу бөлмелерін, атап айтқанда, медициналық қызметті ұйымдастыру және тактикасы, әскери токсикология, радиобиология және медициналық қорғану, жалпыәскери дайындық, әскери гигиена…

Нефрология бойынша білім беру үрдіснде стандартталған пациентің рөлі

Оқу процесі үнемі жетілдіруді талап етеді. Сондықтан мамандарды даярлаудағы қазіргі жағдай университетте оқыту тактикасын үнемі жандандыруды талап етеді. Медициналық университет түлегінің басты ерекшелігі-оның клиникалық ойлау қабілеті. Медицина университеті студенттерінің кәсіби даярлығының сапасы ЖОО – да оқыған барлық жылдар бойы алған білім санына ғана емес, сонымен қатар дәрігердің алдында тұрған көптеген диагностикалық, емдік және профилактикалық міндеттерді…

СЖК «FAMS» бірлесе отырып симуляциялық білім беру технологиялар кафедрасының жетекшілігімен бірінші мастер-класс өткізді

10 қыркүйекте Дүниежүзілік алғашқы жедел медициналық көмек көрсету күніне орай СЖК «FAMS» бірлесе отырып симуляциялық білім беру технологиялар кафедрасының жетекшілігімен бірінші мастер-класс өтті. Бұл шараның мақсаты қарапайым халықтың медициналық білімін арттыру болды. «Қазына» сауда орталығының фойесіне жайғасқан ұйымға қатысушылар сауда орталығына, келушілерге қарапайым жүрек-өкпе реанимациясының дағдыларын және Геймлих әдісін көрсетті. Мастер-класс көптеген адамдарды қызықтырды, кейбіреулері…

Патенттеу бойынша жұмыс

Университетіміздің докторанттары мен магистранттары үшін «Зияткерлік меншік және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру» тақырыбында зияткерлік меншікті қорғау бойынша семинарлар сериясы өткізілді. Семинарда келесі сұрақтар қаралды: Патент құқығы және оның түрлері; Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасы; Нені патенттеуге болмайды?; Пайдалы модель; Өнертабыс; Авторлық құқық; Патентке құқық не береді?; Тіркеу тәртібі, неден бастау керек; Патенттеу, патентті жыл сайын…

Абай мұрасы – халық ұлағаты

30 шілде 2022 жылы «Семей Медицина Университеті» КеАҚ әскери кафедра оқытушылары медицина қызметінің подполковниктері Н. Смаилов пен А. Смағұловтың жетекшілігімен әскери кафедраның 3-4 взвод курсанттары Абайдың әдеби – мемориалдық мұражай – үйіне барды. Мұражай жеті экспозициялық залдан тұрады. Мұражайға келудің басты мақсаты білім алушы жастардың Абай Құнанбаев туралы тарихты білуге деген қызығушылығын ояту және жас…