Салауаттылық – денсаулық кепілі

2022 жылғы 7-ші ақпан ақпан күні 1501 топ студенттерімен “Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері” атты кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағат барысында студенттер салауатты өмір салтын жүргізудің маңыздылығы жайында ой бөлісті. Кездесу нәтижесінде студенттер аталған тақырыпқа қатысты пайдалы жаңа ақпараттармен танысты.

Кураторлық топпен өткізілген психологиялық тренинг

Психологиялық тренеингке қатысу арқылы кез-келген істі қолға аларда сенімді болуды, ештеңеден қорықпауды, өміріңді жақсы жаққа қарай өзгерту өз қолыңда екендігін түсінуге және соған қарай өзгеруге мүмкіндік ала аламыз. Осы мақсатта 8 ақпан күні «Педиатрия» мамандығының 1330 куратолық топпен университетіміздің психологымен арнайы кездесу өткізілді. Тренинг барысында топ студенттерін күнделікті күйбең тірліктен бір уақыт көңіл бөліп, бір-бірімен…

Студенттер “Бес нәрсе…” қойылымын тамашалады

2021 жылғы 2-ші қазан күні Абай театрында “Бес нәрсе…” қойылымы болды. Қойылымды тамашалаған 3121 топ студенттеріне ең қатты ұнағаны Абайдың шығармалары арқылы адам санасында ерекше бейне қалдыру болды. Яғни, бұл жерде, білім, ғылым, уақытты құр жоғалту, сатқындық, махаббат, әділдік, достық көріністері бейнеленді. Қойылым жоғарғы деңгейде өтті.    3121 топ, топ кураторы Токабаев Азамат Кожагулович

«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең биік тұлғасы – Мұхтар Әуезов»

2021 жылдың қыркүйек айының 28-ші жұлдызында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың дүниеге келгеніне 124 жыл толуына орай медицина мектебінің 5234 топ студенттерінің ұйымдастыруымен онлайн-конференция өтті. Аталмыш конференцияда заманының заңғары М. Әуезовтың өмір жолы мен оның қазақ әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесі ғана емес, қоғамдық қызметіне де аса…

Ұстаз – ұлағатты есім

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Соған орай ұстаздар мерекесі қарсаңында 2021 жылдың 1-ші қазанында стоматология мамандығы 1304, 1310 топ студенттері топ кураторы А.Б. Букатаеваның басшылығымен «Ұстаз – ұлағатты есім» атты куратор сағатын өткізді. Куратор сағатына медицинадағы IT кафедрасының ұстаздары шақырылып, топтың әр…

Қарттар күніне арналған кураторлық сағат өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай “Мейірбике ісі” мамандығының 401 тобымен қарттар күніне арналған кураторлық сағат өткізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделері, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктері бекітілгендігі жайлы айтылды. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын…

ҚР президентінің Қазақстан халқына жолдауы талқыланды

2021 жылғы 6-шы қыркүйек күні жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасында 5434 топ студенттерімен дөңгелек үстел жүргізілді. Дөңгелек үстел тақырыбы “ҚР президентінің “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты жолдауы”. Дөңгелек үстел барысында 5434 топ студенті Айдана Назарбекова президенттің алға қойған XI жоспарын және маңызды деген мәселелерге тоқталды. Іс-шараны нәтижелей келе студенттер арасында талқылау жүргізілді. Әр студент…

Студенттер үйінде орын алуға өтінімді беру мерзімі ұзартылды

Құрметті білім алушылар! Жаңа 2021-2022 оқу жылы келіп жетті. Оқытудың барлық деңгейлері үшін санитарлық талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, оқу процессі дәстүрлі офлайн форматта өтетінін хабарлаймыз. Университеттің бас корпусының аумағына кіру Ashyq мониторинг жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Студенттер үйінде (жатақханада) орынға мұқтаж 1 курс студенттерінің назарына! «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректорының 2021 жылғы 16…

«Тіл – қазына» жазғы мектеп

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында 2021 жылғы 12-23 шілде аралығында қазақ тілі пәнінен «Тіл-Қазына» атты жазғы мектеп онлайн-форматта жалпы медицина мамандығының студенттеріне сабақ өткізілді. Жазғы мектеп курсын Б.А. Жоргатаева жүргізді. Іс-шараның мақсаты студенттерге  медициналық терминологияны қазақ тілінде меңгерту, коммуникативті сөйлеу әрекеттерін дамытуға көмектесу, Оқу барысында студенттер қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктерін түсініп, оқуды, сауатты жазуды, сұхбаттасуды…

Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы кураторлық сағат өтті

23 маусым күні 101, 103, 104, 201, 301, 401 кураторлық топтарға «Саяси қуғын-сүргін құрбандары, “Алаш Орда” партиясы, ҚР Тәуелсіздігі үшін саяси үдерістер, ҚР егемендігінің қалыптасу кезеңдері» атты тақырыпта кураторлық сағат өтті. Студенттерге  “Алаш Орда” партиясының егемендіктің қалыптасу жолында қандай қиын жолдардан өткендері жайлы, тарихы баяндалды. Алаш ордашылар басшылардың өмірбаяндарымен, жасаған ерліктерімен және еңбектерімен танысты.