Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Б.Ж.  Токтабаеваның ұйымдастыруымен онлайн форматта  «Жалпы медицина» мамандығының 4151 тобы студенттері Семей қаласының құқық қорғау органдарының өкілімен кездесіп, сұхбат өткізді. Кездесуге ШҚО №2 Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Байжуманова Раушангуль Закиевна қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы сауатын ашу, өз құқықығын қорғай…

Бүгінгі күннің батырымен кездесу

Семей медицина университетінің факультеттік терапия кафедрасының ұйымдастыруымен тәрбие жұмысының жоспары бойынша 20-шы мамыр күні ZOOM желісінде қазіргі күннің батырына айналған медицина ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының бас пульмонологы Уразалина Жанар Маратовнамен кездесу өтті. Кездесуге кафедра қызметкерлері және куратор топтарының студенттері қатысты. Әлемді жайлаған дертке қарсы тұруда шаршамай, пандемияның алғашқы күндерінен бастап алдыңғы шепте күресіп, халықтың денсаулығын…

Халықаралық мейіргерлер күніне орай олимпиада өткізілді

12-18 мамыр аралығында Семей медицина университетінің мейіргер ісі кафедрасының ұйымдастыруымен халықаралық Мейіргерлер күніне орай студенттер арасында олимпиада өткізілді. Олимпиада үш кезеңнен тұрды: видео ролик дайындау, эссе жазу және топтарға бөлініп виктарина сұрақтарына жауап беру. Олимпиадаға СМУ мейіргер ісі мамандығының студенттері және Қостанай жоғарғы медицина колледжінің студенттері қатысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, белсенді студенттер сыйлықтармен марапатталды.

Жеңіс күніне орай ашық сабақ өтті

Семей медицина университетінің 1 курс «Жалпы медицина» мамандығының 1114 тобының студенттері куратор Рымбаева Роза Дайырбековнамен 29 сәуір күні 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған ашық сабақ өткізді. Тәрбие сағатын өткізудегі негізгі мақсат – «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихты тереңнен тануға баулу. Студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс…

Жақсымен өткен бір сағат

23-інші сәуір күні Zoom конференциясы арқылы доцент, Семей медицина университетінің құрметті профессоры Қалдыбаев Мұзаффар Ахметсафаұлымен «Білім беру мен білім алудың методикасы» атты «Танымал тұлғалармен жүздесу» жобасы аясында кездесу өтті. Кездесуге 1-5 курс студенттері қатысып, сұрақтарын қойды. Профессор онлайн-сабақтың оң және теріс жақтарын жіктеп, білім алам деген адамға ешқандай кедергі бөгет бола алмайды деп атап өтті.…

Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасында ғылыми үйірменің кезекті отырысы өтті

21 сәуір күні Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасында ғылыми үйірменің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ғылыми жетекшілермен бірлесіп жүргізілген 5 тақырып ұсынылды. Келесі тақырыптар тыңдалды: “Созылмалы шаршау синдромы”, “Сүйектердің қатерлі ісіктерінің патофизиологиясы”, “Подагра этиологиясы және патогенезі” және т.б.

“Жалпы патология” бойынша олимпиада өтті

2021 жылғы 20-сы сәуір күні м.ғ.д., проф. Ю.В. Пругло атындағы сот медицинасы және патологиялық анатомия кафедрасының ғылыми үйірме студенттері Г.Я. Тукинова және Ә.С. Халел және ҚР ғылыми еңбегі сіңген қызметкер Т.А. Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасымен қоса 3 курс студенттеріне “Жалпы патология” бойынша олимпиада жүргізді. Олимпиада онлайн-форматта өтіп, 3 кезеңнен тұрды.Тартысты жекпе-жекте білімдерімен қатарластарынан озып,…

1 курс “Стоматология” мамандығы студенттерінің арасында гистология пәнінен онлайн-олимпиада

Семей медицина университетінде 13-14 сәуір аралығында “Стоматология” мамандығының 1-ші курс студенттері арасында гистология пәнінен онлайн-олимпиада өткізілді. Онлайн-олимпиаданың мақсаты – жалпы гистология және адам эмбриологиясы саласында терең білімі бар студенттерді анықтау, танымдық және шығармашылық белсенділігін ынталандыру. Олимпиада бағдарламасы 2 турдан тұрды: Google-форма қосымшасында тестілеу және ZOOM қашықтықтан білім беру платформасында ОҚПЕ. Гистология пәнінен онлайн-олимпиаданың жеңімпаздары: 1-орын…

СМУ студенті Ю.А. Гагариннің ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

Ресейдегі Кемерово қаласындағы Кемерово мемлекеттік медицина университетінде 12-13 сәуір күндері Ю.А. Гагариннің ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына орай «Через тернии к звёздам: освоение космоса» атты ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Семей медицина университетінің м.ғ.к. М.М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасы атынан 2 курс студенті Мұрат Абдрахманов қатысты. Жұмысқа ғылыми жетекшілер кафедра меңгерушісі Рахимжанова Фарида Сергазиновна және…

Ерте оңалту – жарқын болашақ кепілі

«Соматикалық аурулары бар балаларға реабилитациялық көмек» электив пәнін қорытындылау, алған білімдерін нығайту, жаңа ақпаратпен таныстыру мақсатында 2021 жылдың 15 сәуірінде оқытушымыз Алимбаева Алия Рахметтулақызының жетекшілігімен “Тоқтамыс” оңалту орталығы базасында Д.М. Тусупова атындағы балалар хирургиясы, ортопедия және педиатрия кафедрасының «Физикалық медицина және реабилитация» резиденттерінің ұйымдастыруымен пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға 627, 628 ЖТД интерндері қатысты. М.ғ.к., доцент…