Наурыз мейрамына арналган кураторлық сағат

25 наурыз күні медициналық білім беру кафедрасында стоматология мектебінің 1303, 1306 топ студенттеріне кафедра оқытушысы, куратор А.М. Асылбекова онлайн-форматта «Наурыз – татулықтың, ізгіліктің және бірліктің мерекесі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Семей медицина университетінің 1 курс студенттерін А.М. Асылбекова  құттықтап, өз сөзінде Қазақстандағы ұлттық мейрам Наурыз мейрамы бұл ұрпақтың өмірі мен сабақтастығын бейнелейтін көктемгі жаңарудың тарихи…

Салауатты өмір салты жөнінде кураторлық сағат өтті

Денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет бұл салауатты өмір салты. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін ағзаны үнемі шынықтыру қажет. Спортпен айналысу және зиянды әрекеттерден бас тарту, дұрыс тамақтану салауатты өмір салтын құрайды. Сонымен, 2021 жылғы 26…

Терапиялық стоматология кафедрасындағы академиялық ұтқырлық

«СМУ» КеАҚ терапиялық стоматология кафедрасында Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей медициналық университетімен бірлесе отырып, профессорлық-оқытушылық құрам мен 3 курс студенттерінің арасында академиялық ұтқырлық жүргізілді. Ұтқырлық онлайн режимде «Кариесология және тістің қатты тіндерінің тісжегілі емес зақымдануы» пәні бойынша 2021 жылғы 23-ші ақпан мен 5-ші наурыз күндері аралығында жүргізілді, студенттерді оқыту процесіне ассистент М.С. Молдажанова қатысты, ол оқытудың интерактивті…

Клиника мектебінің кезекті отырысы балалардағы бронх демікпесін жүргізудегі жалпы тәжірибелік дәрігердің әрекеттеріне арналды

Соңғы жылдары дербестелген медицина кафедрасында клиника мектебі жұмыс істей бастады, онда кафедра ассистенттері ғана емес, сонымен қатар кафедраның резиденттері мен интерндері де белсенділік танытады. Клиника мектебінің кезекті онлайн отырысын «Балалардағы бронх демікпесін жүргізудегі жалпы тәжірибелік дәрігердің әрекеті. Небулайзер құралын қолдану техникасы және ережесі. Негізгі көрсеткіштері» тақырыбында 2021 жылдың 25 наурыз айында  Zoom конференциясы арқылы дербестелген…

Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары бойынша кезекті онлайн-кездесу өтті

Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары бойынша кезекті онлайн-кездесу 2021 жылғы 17-ші наурыз күні университеттің ресми Instagram желісінде тікелей эфирде өтті. Жұмысқа орналастыру және Medical Foundation бөлімінің бас маманы Эльмира Турарова және әдіскер Даурен Советбеков кездесу барысында жаңа 2021-2022 оқу жылына Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа форматы туралы, тестілеуді тапсыру ережелері, мерзімдері мен ерекшеліктері жөнінде ақпарат…

Тарихқа тағзым күнінің аясында онлайн-викторина өтті

15 наурыз күні Тарихқа тағзым күнінің аясында Instagram желісіндегі университет парақшасында сұрақ-жауап ойыны өтті. Викторина ойынының нәтижесінде келесі қатысушылар жеңімпаз атанды: 1-орын –  Мамышева Алуа Армановна 2-орын – Ержан Ерланұлы 3-орын – Раисова Жаннур Қанатқызы

«Берел қорғаны және жәдігерлері» тақырыбында кураторлық сағат өтті

2021 жылдың 16-шы наурыз күні ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының 2204, 2217, 2218 кураторлық топтарына «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Берел қорғаны және оның жәдігерлері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Берел қорымы Абай облысы Катонқарағай ауданы, Бұқтырма өзенінің оң жағалауында орналасқан. Құнды жәдігерлер мен обалар тарих қойнауынан сыр шертіп, археологиялар…

Наурыз мейрамы – Қазақстан халқының достастығы

Мейірбике ісі кафедрасында наурыздың 19-ы күні Мейірбике ісі 202, 401 топ студенттеріне Наурыз мейрамы, ҚР халықтар достастығы тақырыбында Zoom платформасында кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта студенттерге Наурыз мейрамының пайда болу тарихы, қазақ халқы үшін қандай маңызы бары айтылды. Сонымен қатар, біздің елде 100-ден аса ұлттың тату-тәтті тұрып жатқаны атап өтілді.

«Med Life – Наурыз» интеллектуалды ойыны өтті

17-ші наурызда Наурыз мейрамының аясында өткен Зияткерлік күнінде университет қабырғасында “Салауат” дебат клубының ұйымдастыруымен «Med Life – Наурыз» интеллектуалды ойыны өтті. Ойында университетіміздің 1 курс студенттерінен құралған 8 команда бақ сынасты. Ойын барысында студенттер Наурыз мейрамына байланысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, ұмыт болған дәстүрлер туралы білді. Ойын нәтижесі бойынша: 1-орын – «Достық» 2-орын – «Медики»…

Университетіміздің тарихын білуіміз керек

Семей медицина университетінде студент, тек қана медициналық білім алып қоймай, сонымен қатар жан жақты дами алады. Соның бір дәлелі бүгінгі біз барған университет музейі мен кітапханасы. Бізді білім нәрімен сусындататын ғылым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың университетімізде алар орны оразан зор. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік…