Студенттермен онлайн-жиналыс

2020 жылдың 15 қыркүйек күні Медицина мектебінің деканы Салтанат Узбекова «Жалпы медицина» мамандығының 1 және 2 курс студенттерімен онлайн-кездесу ұйымдастырды. Кездесуге тіркеуші-офис бас маманы  Баян Рахимжанова, декан орынбасарлары Актоты Бужеева және Айгуль Дюсенбаева қатысты. Күн тәртібінде университеттің әкімшілік құрамы, академиялық саясат, сабаққа қатысу ережелері, аппеляцияға беру тәртібі, акдемиялық адалдық қарастырылды. Медицина мектебінің деканы Салтанат Узбекова…

Бір жолғы квота беру үшін үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы

2020 жылғы 29 тамызда сағат 14.00-де “СМУ” КЕАҚ-да ӨБК және ӨБТК шеңберінде мердігерлер бөлетін қаражат есебінен оқуға біржолғы квота беру үшін үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл жобаның мақсаты жоғары оқу орындарының, ғылыми институттардың ең дарынды жастарын анықтау және оны инновациялық бизнес пен ғылыми зерттеулерге тарту болып табылады. Комиссия отырысына Семей қаласының “Нұр Отан”…

Бірінші курс студенттеріне арналған онлайн бейімделу күндері басталды

Құрметті бірінші курс студенттері! Міне, сіздердің студенттік өмірлеріңіздің алғашқы күні де келіп жетті. «Семей медицина университеті» КеАҚ өз университеттеріңізбен жақынырақ танысу мақсатында 28 тамыз, 1, 2 қыркүйек күндері сіздерге арнайы онлайн бейімделу күндерін ұсынады. Сонымен, назарларыңызға алдағы күндердің кестесін ұсынамыз.   28 тамыз (іс-шара өткізілу форматы: YouTube желісі бойынша Stream) 1) Семей қаласымен қысқаша онлайн-танысу.…

Менiң таңдауым – SMU!

Мен, Байғазин Нұрхат Рахатұлы, Семей медицина университетінің “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 3 курс студентімін. Менiң бала кезімнен медицина саласына деген қызығушылығым болатын. Дәрігерлердің адамның өміріне араша түсiп, қолынан келгенiнше аман өмiр сүруiне барынша көмектесетiнiн көріп, мен де дәрігер болғым келетiндігiн ұғындым. Сол кезден бастап өзімді болашақ дәрігер ретінде дамыта бастадым, сабағыма үлкен мән бердім, түрлі…

Менің жарқын болашағымның іргетасы – SMU

Мен, Бекмұханбет Мөлдір Айдынқызы, Семей медицина университетінің «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенті және көркемөнерпаздар клубының белсенді мүшесімін. Аталған университетте оқу «дәрігер» мамандығын таңдаған әр түлектің арманы болар. Жалпы мамандыққа құлшыныс бала күннен қалыптасады. Менің осы мамандықты таңдауыма себепкер болған бала күнгі дәрігерім Клара Шалабаева. Клара Зұлхарнайқызы – Алматы қаласы №5 клиникалық емхананың дәрігері, медицина…

«Ақ халатты абзал жан болып, адам өміріне араша түсуді бала кезден армандадым…»

Мен, Бекзат Талғатова, Семей медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 4420 топ студентімін. Мен ақ халатты абзал жан болып, адам өміріне араша түсуді бала кезден армандадым. Бұл мамандықтың студенті болғанымды мақтан тұтамын, өзгелерге үлгі болғанымды қалаймын. Бұл кәсіпті иелену пысық, өзіне сенімді, шыншыл, тапқыр болуды қажет етеді. Семей медицина университеті білім жағынан да, өнер жағынан да,…

Студенттермен Zoom платформасы арқылы танымал жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының доценті Смаил Ербол Мүслімұлымен кездесу

2020 жылдың маусымның 10 күні «Жалпы медицина» мамандығының 1, 2, 4, 7 кураторлық топ студенттері арасында «СМУ» ҚеАҚ жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының доценті Смаил Ербол Мүслімұлымен коронавирустық инфекцияның алдын-алу, диагностикалау туралы онлайн Zoom платформасы арқылы кездесу өтті. Кездесуді ҚР ҰҒА академиясының академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының, гистология және жұқпалы…

«XXI ғасыр пандемиясы – COVID-19» атты тақырыбында студенттермен кездесу өтті

2020 жылғы 2 маусым күні профессор М.М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасы жылдық жоспарға сәйкес белгіленген шара шеңберінде кафедраның ардагер оқытушысы б.ғ.к., доцент Заворохина Ольга Алексеевнамен Zoom бағдарламасының көмегімен студенттер арасында «XXI ғасыр пандемиясы – COVID-19» атты тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Zoom конференциясына кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Ф.С. Рахимжанова, оқытушылар Ы.О. Кайрханова, Г.О. Ильдербаева, Г.К. Амантаева, Н.Қ.…

Жидебайдағы Абай музей-үйіне онлайн экскурсия

2020 жылдың 22-ші мамыр күні Семей медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс 1210 тобының студенттерінің қатысуымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Жидебайдағы Абай музей-үйіне онлайн экскурсия жасалды. Іс-шараның мақсаты – Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған, өмір сүрген өңірімен танысып мағлұмат алу. Жидебай – Абайдың ата қонысы. Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың…

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

2020 жылдың 28-ші мамыр күні Семей медицина университеті «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс 1210 тобының студенттерінің қатысуымен 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жазықсыз жапа шегіп, еліміздің егемендігі жолында жанын құрбан еткен азаматтардың рухына тағзым ету мақсатында «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» атты тақырыпта қашықтан оқу түрінде кураторлық сағат өтті. Елбасымыз…