“Ас қорыту және эндокриндік жүйенің патологиясы” коммити шеңберіндегі қысқы мектеп

2023 жылғы 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында “СМУ” КеАҚ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы ұйымдастырған “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 3 курс шетелдік бөлімінің білім алушылары үшін “ас қорыту жүйесінің патологиясы”коммити шеңберінде қысқы мектеп өтті. Студенттер келесі тақырыптар бойынша дәріс тыңдады: Асқазан-ішек жолдарының ауруы бар науқасты тексеру. Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінің зақымдану синдромдары. Гепатобилиарлы жүйенің зақымдану…

Дені саудың жаны сау!

2023 жылдың 7 ақпанында «Ішкі аурулар және ревматология» кафедрасының ассистенттері №1 студенттер үйінде кезекті кезекшілік өткізді, оның барысында студенттер тұратын бөлмелерге шолу жүргізілді. Жатақханада жағдай қолайлы, студенттердің тұруына жақсы жағдай жасалған: бөлмелері жылы, жарық, таза, шаруашылық бөлмелері электр плиталарымен, тоңазытқыштармен, микротолқынды пештермен, кір жуғыш машиналармен жабдықталған, ыстық және суық су бар. Әр қабатта душ бөлмелері…

Студенттік-ғылыми қоғам жиналыс такырыбы: “Балалардағы қант диабеті. Қант диабетінің дамуындағы тұқым қуалайтын фактордың рөлі”

2023 жылғы 31 қаңтарда Д. М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасында 1 және 2-ші оқу жылғы резидент-педиатрлардың қатысуымен “Балалардағы қант диабеті. Қант диабетінің дамуындағы тұқым қуалайтын фактордың рөлі” атындағы студенттік-ғылыми үйірмесінің отырысы өткізілді. Қатысушылардың алдында сөйлеген 2-ші оқу жылғы резидент-педиатр Садықова Тынышык дәлелді медицина тұрғысынан балалардағы қант диабетін диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістеріне…

Өскемен қаласында Д. М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А. Р.-мен резидент педиатрлардың кездесуі өтті

29.01.2023 ж. Өскемен қаласында “Ана мен бала” орталығында Д. М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А.Р.-мен резидент педиатрлардың кездесуі өтті. Кездесудегі дөңгелек үстел барысында оқу процесстері, мемлекеттік емтиханға дайындық жоспарлары және де практикалық дағдылардың толықтай қамтылуы талқыланды. Сонымен қатар, резиденттердің ғылыми жұмыстарын жетілдіру үшін нақты ұсыныстар берілді. Кездесу барысында 24.01.2023 ж.…

ҚР ҰҒА академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында өткен қысқы мектеп

ҚР ҰҒА академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары 2023 жылдың 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «Қысқы мектеп» шеңберінде «Жасушалық ұрпақтар қатарында генетикалық ақпараттың тасымалы» атты тақырыпқа сабақтар өткізді. Қысқы мектепке «Жалпы медицина» мамандығының І курс шетел студенттері қатысты. Тыңдаушыларға арнап 3 кредиттік көлемде оқу-тақырыптық жоспарлар мен силлабус дайындалды.…

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні 4 ақпанда атап өтіледі. Қатерлі ісік бүкіл әлемде өлімнің ең көп тараған себебі екені белгілі. Қатерлі ісікпен күресу күні – бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды қолдайтын үлкен оқиға. Бұл күн медицина өкілдерін жыл сайын өз жетістіктерін көрсете отырып, аурумен күресудің жаңа әдістерін жасауға ынталандырады. 6 ақпанда биохимия және химиялық…

Жас ұстаздар мектебінің жиналысы

Семей қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., проф. Дюсупова А. А. жас ұстаздар мектебінің кезекті отырысын өткізді. Кездесу Zoom-конференция платформасында, дөңгелек үстел форматында онлайн режимінде өтті. Кездесу тақырыбы: «Жас мамандардың, университет түлектерінің коммуникативті дағдыларды пайдалануы». Дөңгелек үстелдің мақсаты – Мектеп оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін арттыру, оқу және медициналық тәжірибесінің сапасын арттыру. Ауруханалардың, емханалардың медицина қызметкерлерінің…

“Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 4 курс студенттерінің Абай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің өкілдерімен кездесуі

2022 жылғы 3 ақпанда қоғамдық денсаулық кафедрасында “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 4 курс студенттерінің әлеуетті жұмыс берушілермен кездесуі өтті. Кездесу барысында “Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті” РММ басшысының орынбасары Фатхуллина Раушан Жұлдызбайқызы және білім беру және тәрбие объектілерін қадағалау және бақылау бөлімінің басшысы Гүлнара Мағзұмқызы Жақиянова сөз…

Семей қаласының жалпы тәжірибелік дәрігер кафедрасында ғылыми студенттік үйірменің кезекті отырысы өтті

2023 жылдың 27 қаңтарында «Семей қаласының жалпы тәжірибелік дәрiгер» «СМУ» КеАҚ кафедрасында «Жалпы тәжірибелік дәрiгер тәжiрибесiндегi жүрек ырғағының бұзылуы» тақырыбында ғылыми студенттік үйірме отырысы өтті. Ұйымдастырушы кафедра доценті, м.ғ.к. Курумбаев Р. Р. Үйірмеге 5 курс ЖМ -5101, 5102, 5103, 5104, 5106, 5108 және 5133 топ студенттері болды. Отырыс барысында үлкен қызығушылық пен кең талқылау тудырған…

Балалар мен ересектер арасында тұмау/ЖРВИ/COVID-19 клиникалық хаттамаларын зерделеу бойынша «СМУ» КеАҚ студенттеріне арналған семинар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А. С. Есмағамбетованың 2022 жылғы 22 желтоқсандағы тұмау және ЖРВИ эпидемиологиялық жағдайы туралы бұйрығына сәйкес «СМУ» КеАҚ 2023 жылдың 30 қаңтарында Семей қаласының ЖДТ кафедрасында 5 курс ЖМ студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кафедра оқытушылары балалар мен ересектер арасында тұмау/ЖРВИ/COVID-19 клиникалық хаттамаларын зерттеу бойынша оқыту…