Ұстаздар күніне арналған кураторлық сағат

2019 жылдың 9 қазан күні ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасында Ұстаздар күніне орай кураторлық сағат өтті. 212 топ студенттері кафедра оқытушылары мен кураторы Ақбота Ерланқызын құттықтай отыра кішігірім кеш ұйымдастырды. Топтың белсенді студенттері презентация даярлап, викториналық сұрақтар мен сайыстар ұйымдастырып, өз өнерлерімен бөлісті. Студент Дәулет Қалиев домбыра тарту…

Студенттер Абай кітапханасындағы кітап қорымен танысты

2019 жылдың 27 қыркүйек күні жалпы медицина мамандығының 105 топ студенттері қаламыздың Абай атындағы облыстық кітапханаға барды. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы –кітапхананың алар орны ерекше. Өйткені қазіргі таңда кітапханашылар әлемдік деңгейдегі рухани, мәдени сауатты, еңбегі өте қарапайым және…

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражайында

05.10.19 жылы Семей Медицина Университеті, Жалпы медицина мамандығының 424 тобы Акушерия және гинекология кафедрасының оқытушысы Егежанова Гүлбаршын Мырзахметовнаның кураторлық жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Ұлы Абай атамыздың шығармашылығы мен өнерін дәріптей отырып, Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражайына барып қайттық. Қорық-мұражайдың негізгі қызметі – Абай өмірі мен шығармашылығын және оның ақындық-өнер айналасын, сол замандағы тарих…

Семей медицина университетінде өлеңді мәнерлеп оқушылар байқауы өтті

2019 жылғы 20 қыркүйек күні Семей медицина университетінде Тілдер апталығының аясында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының орыс тілі мұғалімдері мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. 1 курстың түрлі мамандықтарының  студенттері  сүйікті ақындардың туған тілдері және орыс тіліне арналған шығармаларын оқыды. Конкурс нәтижесі бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 102 топ студенті Абсеит Мұстафа 1 орынға ие болды. 2 орынды…

“Level Up” ұйымы ұстаздарды мерекелерімен құттықтады

Қазан айының 7-сі күні Семей медицина университетінде “Level Up” ұйымы көптілділік аптасының ашылуына орай жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушыларын өткен Ұстаздар күні мерекесімен құттықтады. Құттықтау барысында студенттер мұғалімдерге шағын қолдан жасалған сыйлықтарын табыстап, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар кафедра мұғалімдері де әріптестерін мерекемен үш тілде құттықтап, алғыстарын білдірді. Кафедра мұғалімдерін құттықтап, мерекелік көңіл- күй сыйлау…

«Салауат» пікір-сайыс клубының пікір-сайысшылары тәжірибе алмасты

4-6 қазан күндері Семей медицина университеті “Салауат” дебат клубының пікірсайысшылары М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «Семей жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен пікірсайыс тренерлеріне арналған тренингке қатысып, тәжірибе алмасты. Тренингтің басты мақсаты қаламыздағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, пікірсайыс тренерлерін дайындау, арнаулы орта оқу орындарындағы пікірсайыс клубтарының дамуына үлес қосу болды.…

Халықаралық күлкі күніне орай СМУ еріктілері іс-шара өткізді

2019 жылдың 4 қазан күні Семей медицина университеті «Еріктілер корпусы» ұйымының  студенттері Халықаралық күлкі күніне арналған іс-шара іс-шара өткізді. Іс-шара Жедел медициналық жәрдем ауруханасының «стационар» бөлімінде жүргізілді. Халықаралық күлкі күні қазан айының бірінші жұмасында аталып өткіледі. Еріктілер «стационар» бөліміндегі медициналық қызметкерлерге ұмытылмас күн, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, эмотикондардан (“смайлик”) қуанышты селфи жасап, оларды әлеуметтік желілерде…

СМУ студенттері «Томирис» фильмін тамашалады

2019 жылдың 1-4 қазан аралығында «Рухани жаңғыру» жане «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы барысында «Жалпы медицина» мамандығының 108 топ студенттері топ жетекшісі Жаңанұр Қамбарқызымен отандық режиссёр Ақан Сатаев түсірген тарихи көркем туынды «Томирис» фильмін 2 қазан күні тамашалады. Фильмде ежелгі көшпелі тайпалардын ұлы патшайымы Тұмар ханшаның ерлігі, сол заманның тарихы жайлы көрсетілді. Аталған туынды студенттердің…

«Астана медицина университеті» КеАҚ Халықаралық конференциясына қатысу

2019 жылдың 1-2 қазан аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ- 55 жылдық мерейтойына арналып өткізілген студенттер мен жас ғалымдардың «Медициналық ғылым мен білім: жастық жалын және ұмтылыс–2019» атты халықаралық ғылыми–практикалық конференциясы өтті. Біздің университеттің атынан «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері Мұсабеков Мұхтар және «Стоматология» мамандығының студенті Садыкова Анар «Студент-Донор» ғылыми-зерттеу жобасының аясында ҰҒА «СМУ» КеАҚ…

Қарты бар үйдің қазынасы бар!

«Қарты бардың – қазынасы бар» демекші, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі, олардың біздің айбынды елдің адамгершілікті ұрпағы болып өмір кешуімізге, атамекеніміздің рухани бекем, рухы асқақ елге айналуына қосқан үлестері мен еңбектері ерен. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер…