«Денсаулық сақтаудағы IT» бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың цифрлық жүйесін дамытуға байланысты өзекті мәселелердің бірі – бұл АТ мамандарының біліктілігінің жетіспеушілігі болып табылады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасында көрініс тапты.

«Қазақстан бүгін және болашақта» тақырыбы бойынша пікір-сайыс турнирі

14 қыркүйек күні Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық универститетінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыстағы мемлекеттік қызметшілермен және студенттерден құралған «Қазақстан бүгін және болашақта» тақырыбы бойынша пікір-сайыс турнирі өткізілді. Өткізілген турнирдің мақсаты, жалпы мәдени дүниетанымды, пікірталас жүргізу дағдыларын дамыту, с

«Тіл тірегіміз-соғып тұрған жүрегіміз»

2018 жылдың 10-шы және 14-ші қыркүйек күндері аралығында СМУ-де еліміздегі тілдер күніне орай «Тіл тірегіміз-соғып тұрған жүрегіміз»атты тілдер апталығы өткізілді. Тілдер апталығының ашылуы 10-қыркүйекте өткізілген еді. Ашылу салтанатында университетіміздің студенттерін тілдер апталығы барысында өткізілетін іс-шаралармен таныстыру жүргізіліп, студенттерді іс-шараларға белсене қатысуға шақырдық.

«МЕЙІРІМДІЛІК-ЖҮРЕКТЕН»

2018 жылдың 15 қыркүйегінде Семей қаласының медицина университетінің «Golden tree» ұйымының еріктілері, Шығыс Қазақстан Облысы білім басқармасының «№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып қайтты.

Семей қ. ММУ-інде студенттерге арналған кіші ғылыми зал ашылды

Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінде кіші ғылыми залдың ашылуы өтті. Салтанатты іс-шараға университет ректоры, м.ғ.д. Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы, профессор, м.ғ.д. Жетпісбаев Бекболат Адамұлы, дипломға дейінгі білім беру деканы, PhD докторы Мысаев Аян Оралханұлы, студенттік ректор Ернұр Өртбаев. Кіші ғылыми зал № 3 жатақхананың ғимаратында орналасқан.

Гарнизон офицерлер Үйі

2018 ж. 28 шілде күні Семей қ. ММУ әскери жиын өтіп жүрген студенттері әскери техниканың негізгі түрлерімен және заманауи армияның қаруымен танысу мақсатында Гарнизон офицерлер Үйі және ҚР Қарулы Күштердің Әскери Даңқы музейіне барды. Гарнизон офицерлер Үйі қызметкерлері мұражайдағы көрмелер арқылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қалыптасу кезеңдерімен, сонымен қатар қазақстандықтардың Афганистан Демократиялық Республикасында халықаралық бажды орындаған кездегі кезеңдерді таныстыра ө

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСҚАН ЕРІКТІЛЕР

2018 жылдың 14-17 маусым аралығында университеттің 111 студенті «IRONMAN 70.3 Astana» атты халықаралық триатлон жарысына еріктілер ретінде қатысты. Бұл триатлон жарысы Қазақстанда тұңғыш рет өткізілді. Аталған жарысқа еріктілерге жетекшілік еткен жастар ісі комитетінің маманы Кульгимбаева А.Ш. және Кураторлар Кеңесінің төрайымы Табулдинова Г.Н.

Шетел студенттерге «Ауызашар» өткізілді

Қазақ және латын тілдері кафедрасының оқытушысы, 147 және 158 топтарының кураторы Б.Т: Шакирова қасиетті Рамазан айында Ораза ұстаған мұсылман студенттерді алкоголсыз түрк «Истамбул-пикник» кафесіне Ауыз ашар іс-шарасына шақырды. Студенттер өздері Оразаға арналған дұғаларын оқыды.

Шетел студенттері жатақханасында «Ауызашар» өткізілді

Қасиетті Рамазан айында Университетте оқып жүрген шетел студенттері деканат қолдауымен Ауыз ашар іс-шарасын ұйымдастырды. Оған жатақханадағы Ораза ұстаған 150 студенттер және оқытушылар шақырылды. Студенттер өз қолдарымен ұлттық тағамдарын дайындап, Оразаға арналған дұғаларын оқыды.