ГИГИЕНАЛЫҚ ПӘНДЕР ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ БОЙЫНША БІРІНШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

2018 жылдың 03.03.- 11.04.аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина факультетінде – Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде «Қоғамдық денсаулық сақтау жаңа жағдайындағы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау» гигиеналық пәндер және эпидемиология бойынша І Қазақстандық Олимпиада өткізілді.

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕГІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2018 жылдың 11 сәуірінде Семей қаласының Достық үйінде «Ғашықтар күніне» арналған дөңгелек үстел өтті. Талқыланған тақырып: «Махаббат-этногенезі». Аталған іс-шараға «Қыз Жібек» клубының мүшелері арнайы шақырылды, сондай-ақ технологиялық колледж және М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студент қыздары қатысты. Клубтың жетекшісі Г.Н.Табулдинова жергілікті «Semei» телеарнасына аталған тақырыпқа байланысты қысқа сұхбат беруден басталды. Дөңгелек үстелдің модераторы болған қалалы

Студенттік құрлыс жасағының қатарына кіруге ниет білдірген студенттермен жиналыс

12 сәуір 2018 жылы кәсіподақ төрағасы Н.С. Смаилов және ЖІК маманы А.Ш. Кульгимбаева студенттік құрлыс жасағының қатарына кіруге ниет білдірген студенттермен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында студенттік құрлыс жасағының қызметімен таныстырып, студенттік құрлыс жасағында қандай жұмыс атқаратындары туралы айтылып өтілді. Сонымен қатар студенттердің пікірлерімен ұсыныстары тыңдалды.

Еріктілерге арналған «VIRTUS UNITA FORTIOR» атты тренинг

09.04.18ж. біздің университетімізде еріктілерге арналған «VIRTUS UNITA FORTIOR» атты үйретуші тренингі өтті. Тренинг барысында Ерікті деген кімдер, қандай қызмет атқаратындықтар туралы айтылып өтілді және де 30 желтоқсан 2016 жылы қабылданған «ҚР Еріктілер қызметі» туралы заңы талқыланды. Тренинг барысында Волонтер – Амбассадорлар комнадасы әр-түрлі машықтандыратын тапсырмалар өткізді. Барлық қатысушылар тренинг аяғында қатысқандарын растайтын сертификаттарға ие болды.

АНАТОМИЯЛЫҚ МҰРАЖАЙ

11 сәуір күні жалпы медицина мамандығының 147, 158 және 245 шетел топ студенттері кураторы Б.Т.Шакировамен бірге университеттің анатомиялық мұражайына барды. Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтарының зардабы туралы біліп, анатомиялық мұражайдағы экспонаттарды көрді. Студенттер экскурсия кезінде қазақстандықтардың ядролық полигонға қарсы шығып, жабылуына күш-жігерлерін аямағанына өте қуанышты екенін айтты. Бірақ, сынақтардың әсері ұзақ уақыт бойы сақталатыны белгілі.

Қызықты өткен сенбілік

Жалпы медицина факультетінің 147, 158 топ студенттері сенбі күні кураторы Б.Т Шакировамен бірге боулинг орталығына барып, демалыстарын өте көңілді және қызықты өткізді. Сенбілік демалысты алдын-ала жоспарлап, демалыс күнгі уақытымызды үнемдеуге септігін тигізді.

“Рухани жаңғыру – табысты ел болашағы” атты “Salauat Cup VI” Республикалық пікір-сайыс турнирі

2018-жылдың 6-8 сәуір күндері ЖІК маманының жетекшілігімен Семей Медицина университетінің “Салауат” дебат клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі “Salauat Cup” Республикалық пікір-сайыс турнирі өтті. Жыл сайын өтетін “Salauat Cup” турнирі осы жылы алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр.

«Жаңа қазақ жазуын қолдаймын» атты кураторлық тәрбие сағаты

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» делінген. Осы мақсатта Семей.қ. мемлекеттік медицина университетінің қазақ және латын тілдері кафедрасының оқытушылары «Латын қарпі» жобасы аясында «Жаңа қазақ жазуын қолдаймын» атты кураторлық тәрбие сағаттарын өткізді. Кураторлық сабақта қазақ тіліне негізделген латын қарпі туралы бейнетаспаларды көріп, кейбір сөздердің жазылуын жазып, өз пікірлерін

2017-2018 жылғы қысқы емтихан сессиясы қорытындысы бойынша жалпы жиналыс

2018 жылдың наурыз айының 26-ы күні жалпы медицина мамандығында білім алатын 2-курс студенттерінің 2017-2018 жылғы қысқы емтихан сессиясы қорытындысы бойынша жалпы жиналыс өтті. Жиналыс барысында студенттердің үлгерімі, GPA мәселесі қозғалды. Емтихан сессиясы қорытындысы бойынша 2-курс студенттері өздерінің оқу үлгерім деңгейін көрсетті. Осы курста білім алатын 42 топ арасында жоғары білім сапасын көрсеткені үшін жалпы медицина факультетінің 225-топ студенттері 3-орынға ие болып, арнайы сертифик

«Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттерімен кездесу

2018 жылы 26 наурызда №2 дәріс залында «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттерімен жиналыс өткізілді. Жиналысқа дипломға дейінгі білім беру деканы, доцент Оразалина А.С., декан орынсабары Жакупбекова Э.А., әдіскер Абилкасимова А.М. қатысты.