«Серпін-2050 Мәңгілік ел жастары индустрияға» атты мемлекеттік бағдарлама бойынша оқитын студенттердің кезекті жиыны

2018 жылдың ақпанның 17 жұлдызында «Серпін-2050 Мәңгілік ел жастары индустрияға» атты мемлекеттік бағдарлама бойынша оқитын студенттердің кезекті жиыны болды. Жиын Серпін сардары Бахрамова Мөлдірдің басшылығынмен өтті. Жиын мақсаты, өткен оқу семестрі бойынша қортынды жүргізіп, алдағы оқу семестріндегі жоспарлармен жаңа жобаларды таныстыру және талқылау. Жиында серпін сардары студенттерді қысқы оқу сессиясын сәтті аяқтаумен, сонымен қоса жаңа оқу семестрінің басталуымен құттықтап, алдағы оқуда

Ұлы Абай өнеріне құрмет

17.02.18 жылы Семей Мемлекеттік Медицина Университеті, Жалпы медицина мамандығының 533 тобы Акушерия және гинекология кафедрасының оқытушысы Алимханова Эльвира Құдайбергеновнаның кураторлық жетекшілігімен Ұлы Абай атамыздың шығармашылығы мен өнерін дәріптеу мақсатында “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи мәдени және әдеби -мемориалдық қорық мұражайына барып қайттық.

Табиғат аясында

Салауатты өмір салтын ұстанып, 18.02.18 жылы жалпы медицина факультетінің 121-ші топ студенттері кураторларымен бірге табиғат аясына шықты. Студенттер әртүрлі қызықты ойындар ойнап, көңіл көтерді. Шаңғы теуіп, шанадан сырғанап, бой сергітіп, қаламыздың қарағайлы орманында, тамаша табиғат аясында демалыстарын өткізді.

Мейірімділік күні

Күнделікті өмір барысында біз бір-бірімізге деген қамқоршылық, мейірімділік, жанашырлық сезіміндерін білдіруге аса көп көңіл бөлмейміз. Уақыттың жылдам жүгіруі адам арасында оң сезім білдіру мөлшерін шектеуге жағдай жасайды. Осы мәселе жастарды аландатқаны қуантады, олардың азаматтылығы мен өскендігінің сипаты.

Семей Мемлекеттік Медицина Университетінің әскери кафедрасы студенттерінен құжаттар қабылдайды

Семей Мемлекеттік Медицина Университетінің әскери кафедрасы 2018 жылдың 12 ақпаннан – 30 сәуір аралығында әскери кафедрада білім алғысы келетін жалпы медицина, стоматология факультеттерінің 2-ші курс ұл-қыз студенттерінен құжаттар қабылдайды.

Қыстың қызықты күндері

Барлық студенттер қысқы демалыс кездерін асыға күтеді. Әрине, сессия кезінде психологиялық жағынан көп салмақ түсетіні белгілі. Сондықтан қысқы шаңғы теуіп, таза ауада демалып, сергіп қалғанға не жетсін! Демалыс күндері – киноға бару, ұйқыны қандыру, достармен уақыт өткізу, туыстарымызбен кездесу болғанмен келесі семестрге де іштей дайындалу кезі.

Қазақ және совет одағының кино суретшісі және суретші Ғалымбаева Айша Ғарифқызы жайлы дәріс

21.12.17 және 22.12.17 күндері 101, 105, 134, 141, 143 топтарының жалпы саны 60 студент «Жалпы медицина» мамандығының кураторлары А.Е.Бериханова, Ж. А.Мухамеджанова және А.С.Бужееваның жетекшілігімен сондай-ақ жастар ісі жөніндегі комитеттің маманы Күлгімбаева А.Ш жетекшілігімен Семей қаласының Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайына барды.

Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын!!!

Әдетте әр жылдың соңында қорытынды жасау қағидасы бар. Өзім қыркүйтекен бастап жұмыс істей бастасам да, біршама жұмыс нәтижелері да бар. Жылдың басы өте әртүрлі жағдайларға толы болды: жаңа жұмыс орнымен танысу, жаңа студенттер, жаңа танысулар, жаңа проблемалар мен оны шешудің жаңа жолдарын іздестіру.

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Ержан Жұмабекпен кездесу

21.12.17 жылы Семей мемлекеттік медицина университетінің Акт залында ДДББ деканатының қызметкерлері, 1 курс бойынша топ кураторлары, студенттік өзін – өзі басқару құрамы және 1 курс студенттерінің қатысуымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік берген «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, ақын «Серпер» жастар сыйлығының иегері, ғалым, аудармашы, докторант Ержан Жұмабековпен кездесу өткізілді.