«Ішімдіктің, нашақорлықтың және шығым шегудің зияны» тақырыбында өткізілген кураторлық сағат

Денсаулыққа зиянды факторлар – алкоголизм, шылым шегу және нашақорлық  туралы көп айтылды және айтылып жүр. Алкоголь мен никотин «мәдени» улар деп аталады. Дәл осы «мәдени» улар еңбек ұжымдарында, отбасыларда көптеген қиыншылықтар мен қасірет әкеледі, олар қоғам үшін әлеуметтік зұлымдық болып табылады. Зиянды әдеттердің салдарынан өмір сүру ұзақтығы қысқарып, халықтың өлім-жітім көрсеткіші артып, ақаулы ұрпақ дүниеге…

Жүрек-қан тамырлар хирургиясы бойынша пәндік олимпиада

2022 жылғы 13 желтоқсан Буланов Б.С. атындағы жүрек-қан тамырлар және кеуде қуысы хирургиясы кафедрасының базасында жалпы медицина мамандығының 4 курс студенттері арасында жүрек-қан тамырлар хирургиясы бойынша пәндік олимпиада өтті. 4 курс студенттері арасындағы олимпиада студенттерге, алған білімдерін тиянақтап, тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар: оқытушылар құрамы және ангиохирургия бөліміндегі резиденттер. Құттықтау сөзді Буланов Б.С атындағы жүрек-қан…

«СМУ» КеАҚ үстел теннисі командасын құттықтаймыз

2022 жылдың 13-14 желтоқсан аралығында  Өскемен қаласында Абай облысы, Павлодар облысы және ШҚО  жоғары оқу орындары арасында «Шығыс дивизион» студенттер лигасының үстел теннисінен жарысы өтті. «СМУ» КеАҚ үстел теннисі командасын Ясинова Н. жм 1212 т. Кеңесбекова Т.  208 т. Тілеухананов А. 1212 т. және жаттықтырушы Қыдырбаев .А.М 2 орын иеленуімен құттықтаймыз. Студенттер дипломдармен марапатталды.

КеАҚ «Семей медицина университеті» студенттерінің рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіру аясында «№2 балалар үйі» атты қойылымға бару

23.11.2022ж. Семей қаласындағы Қалалық мәдениет сарайында КеАҚ «Семей медицина университеті» студенттерінің қатысуымен «Қайырымды жандардың басын қосатын орта» ұранымен «№2 балалар үйі» атты театрландырылған қойылым өтті. Спектакльдің негізгі қатысушыларының қатарында ЖМ 4432 кураторлық топтың студенті Қайратбекұлы Жаныбек болды. Рухани-адамгершілік тәрбиені жетілдіру аясында ЖМ 4432 тобының студенттері балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті куратор Абаева Қ. Д. мен…

Студенттердің ішкі НҚА білуіне бағалау жүргізу

2022 жылдың 02 желтоқсан күні «Жалпы медицина» және «Педиатрия» білім беру бағдарламаларының 1,2,3 курс , «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейіргер ісі» 1-4 курс, «Стоматология» және «Фармация» 1-5 курс студенттері нормативтік –құқықтық актілерді білу деңгейлерін тексеру бойынша тестілеуден өтуде. Студенттер академиялық саясат, пән саясаты, академиялық адалдық саясаты, студенттердің әдеп кодексі және білім алушылардың ішкі тәртіп ережелері туралы…

Желтоқсан оқиғасына орай кураторлық сағат өтті

13 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні мен желтоқсан оқиғасына орай, “Стоматология” мамандығының 1313 топ студенттері «Мақтанышым, ар-намысым – Желтоқсан» тақырыбында кураторлық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты – еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Студенттер өздерінің пікірлерін білдіріп, өлеңдерін оқыды.

Алдын алу бәрінен де маңызды

2022 жылғы 2 желтоқсанда “СМУ” КеАҚ Өскемен филиалының базасында ЖДТ кафедрасының ассистенті А.Ж. Кабдрахманова “Алдын алу бәрінен де маңызды” тақырыбында 737 ЖДТ топтарымен кураторлық сағат өткізді. Сабақ барысында алдын алу өзектілігі, мәселелері және маңыздылығы жайлы сөз қозғалды. “Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” демекші, қазіргі уақытта науқастар арасында үгіт-насихатты уақтылы, эффективті жүргізу әрбір дәрігердің жұмысын…

Салауатты өмір салты – табыстың кілті!

2022 жылғы 25 қарашада “СМУ” КеАҚ Өскемен филиалының базасында ЖДТ кафедрасының оқытушысы Т.С. Шонтасова және 734 және 733 ЖДТ топтарымен “Салауатты өмір салты – табыстың кілті” тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бүгінгі таңда жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекше маңызға ие. Жас кезінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және санада бекіту қаншалықты сәтті болатындығы кейінірек жеке тұлғаның әлеуетін ашуға және салауатты ұзақ өмір…

«Егемендік күні – тарихи қадам»

12 жетоқсан күні Д.М. Түсіпова атындағы педиатрия мен медициналық реабилитология кафедрасында «16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне» арналған кафедра ассистенттері Иманмадиева Д.М. және Капанова А.А. ұйымдастыруымен «Егемендік күні – тарихи қадам» тақырыбында іс-шара өтті. Жүргізушілер Мұратова Азиза мен Төлеуова Динаның кіріспе сөзінен кейін Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.Іс-шара ашылуы кафедра меңгерушісі Алимбаева А.Р.-ның алғы сөзімен басталды: «Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық…

Педиатрия кафедрасының негізін қалаушы профессор Түсіпова Деметер Молдаханқызының туған күніне арналған конференция

09.12.2022 жылы Д. М. Түсіпова атындағы Педиатрия және медициналық оңалту кафедрасында ЖПД интерндері, 1-2 жылдық резидент-педиатрлар, педиатрия кафедрасының ассистенттері арасында педиатрия кафедрасының негізін қалаушы профессор Түсіпова Даметер Молдаханқызының туған күніне арналған, кафедра меңгерушісі А. Р. Әлімбаеваның жетекшілігімен профессордың өмірі мен кәсіби жолын еске алу үшін онлайн масштабтау конференциясы өткізілді Түсіпова Д.М. 2-ші жылдың докторанты Е.…