Абай атындағы театрға бару

Адамгершілік, рухани, мәдени ағарту, эстетикалық талғамды қалыптастыру мақсатында 2022 жылғы 09 желтоқсанда 1301 стоматология факультетінің студенттері қоғамдық денсаулық кафедрасының кураторы, оқытушысы А. М. Искаковамен Абай атындағы театрға барып, В.Шукшиннің әңгімелері бойынша “Өмір сүру” спектаклін тамашалады. Қойылымды Ф.М. Достоевский “Орыс драма театры” жүзеге асырды. Театрға бару актерлер ойынынан ұмытылмас әсер қалдырды, барлығы шынайы рахат алды.

№6 Емханада өткен ЖРВИ және тұмаудың алдын алу бойынша семинар

2022 жылдың 24 қарашасында №6 Емханада «Тұмау және ЖРВИ: МСАК сатысындағы диагностика және емдеу» тақырыбында медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Спикерлер ретінде қазіргі уақытта “жұқпалы аурулар” циклінде оқитын ЖПД 603 тобының интерндері сөз сөйледі. Дәріскерлер әлемде, ҚР-да және Абай облысында ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндап, адамдардың тұмауға бейімділігі абсолютті екенін атап өтті.…

Әлеуметтік жарнама байқауы

Үш жыл бойы “Семей медициналық университеті” КеАҚ “Забайкальск мемлекеттік университеті ” ФГБОУВО аймақтық инклюзивті білім беру орталығымен белсенді бірлескен қызмет жүргізіп келеді. 2022 жылы алтыншы жыл сайынғы “әлем бәріне бір” халықаралық әлеуметтік жарнама байқауы өтті, оның қорытындысы 2022 жылдың 6 желтоқсанында шығарылды.  Бұл байқаудың ұйымдастырушылары ретінде “Забайкальск мемлекеттік университеті” ФГБОУ аймақтық инклюзивті білім беру орталығы…

«Эмоционалды қажу синдромының алдын алу» психологиялық-психотерапиялық тренингі

09.12.2022 ж. ҚДСБ ШЖҚ «Семей қаласының №1 емханасында» ШҚО ДСБ «Психиатрия және наркология» кафедрасының ассистенті Алмагамбетова А. А. мамандандырылған көмек бөлімшесі қызметкерлерінің стресстік жағдайларға төзімділігін арттыру және дамыту, төзімділік пен жұмысқа қабілеттілікті жоғарылату, стресске қарсы тұру үшін білім алу арқылы жасырын дағдыларды қалыптастыру мақсатында «Эмоционалды қажу синдромының алдын алу» тақырыбында психолого-психотерапиялық тренинг өткізді. Кафедра ассистенті…

Менің тәуелсіз қазақстаным!

«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  әскери кафедрасында тәрбие жұмысына жауапты запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлының бастамасымен  2022 жылдың 7 желтоқсанында 427 топта  16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгіні» атты семинар сабак өтті. Іс-шараның мақсаты- жастарды  еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту, болашақ ұрпақтың…