Біздің студенттеріміз үстел теннисінен жарыста 1 орынға ие болды

07-08.10.2022 ж. аралығында Абай облысы бойынша университеттер мен колледждер арасында үстел теннисінің жарысы өтті. Бұл сайысқа «Семей медицина университеті» КеАҚ атынан ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті Сайдахметова Айгүл Сайдахметованың «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алатын 1212 кураторлық тобының студенті Ясінов Нұрасыл Әсетұлы жарысқа қатысты. Командалық ойын бойынша…

“Дос-Мұқасан” фильміне кинотеатрға саяхат

2022 жылдың 14 қазанында «Жалпы медицина» мамандығының 3203 тобының студенттері және топ кураторы Жазықбаева Л. Қ. «Дос-Мұқасан» фильмін тамашалау үшін, «Дастан» кинотеатрына барды. Фильм осыдан 55 жыл бұрын Баянауыл маңында құрылыс отрядында қазақ тіліндегі барлық эстрадалық музыканың түп атасы болған ұлттық рок-н-ролл мен ұжымның қалай дүниеге келгені туралы баяндайды. Жалпы, бұл сапар студенттерге тек жақсы…

Емдік дене шынықтыру сколиоздың алдын алудың негізі ретінде

13.10.2022 жылы Д. М. Түсіпова Атындағы Педиатрия Және Медициналық Реабилитолгия кафедрасында, кафедра меңгерушісі А. Р. Алимбаеваның жетекшілігімен «СМУ» КеАҚ УГ кафедрасының балалар неврологиясы бөлімшесіндегі жас науқастармен емдік дене шынықтыру сабағы өткізілді. Сабақты 712 тобының интерндері, «Реабилитология» циклі барысында өткізді. Интерндер арқа бұлшықеттерін нығайтуға және сколиоздың алдын алуға бағытталған емдік жаттығулардың арнайы кешенін дайындады, жас дәрігерлер…

Біздің айналамыздың тазалығы – біздің келбетіміз!

7Қазанның 15-і күні Ұлттық мерекеміз Республика күніне орайластырылған «Таза табиғат» ақциясы аясында Семей медицина университетінің 1 курс білім алушылары мен кураторларының қатыстырылуымен қалалық сенбілік болып өтті. Қазақстан тарихы және философия курсы оқытушылары М.С. Ибраемова, С.Қ. Қазыбаев, Н.Д. Аманбекова, Т.У. Джакипова, Л.К. Садықова, Т.А. Мұздыбаева, М.С. Рамазанов топтарға жетекшілік жасап, өздеріне тиесілі аумақты қоқыстан тазартып, атаулы…

«СМУ» КеАҚ студенттері мен ПОҚ «Таза табиғат» акциясына белсенді қатысты

«Семей медицина университеті» КеАҚ студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы Республика күні қарсаңында Семей қалалық «Таза табиғат» акциясына белсенді қатысты. Жалпыхалықтық сенбілікке қатысушылар Бобровка кентін, Қарағайлы шағын ауданын қоқыстардан тазартты. Сенбіліктің негізгі мақсаты қаланың шырайын келтіру, оны үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру, студент жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, қаламыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу. БІЗДІҢ ТАЗАЛЫҒЫМЫЗ…